Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Егін шаруашылығын әртараптандыру – уақыт талабы

Егін шаруашылығын әртараптандыру – уақыт талабы

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөнінде мәжіліс өтті. Басқосуға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев, «Арал-Сырдария бассейндік ­инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейілбек Нұрымбетов, Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Бақытжан Дүйсембеков және аудандағы егін, мал және балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.
Жиынды аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, күн тәртібіндегі мәселенің өте маңызды екенін жеткізді.
– Өздеріңіз білесіздер, су мәселесі жылдан-жылға күрделеніп, ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруаларға көп қиындықтар туғызуда. Сондықтан біз осы кездесуде егін, мал және балық шаруашылығы өндірісін дамыту, өңдеу мен өткізуге қатысты мәселе жөнінде ұсыныс-пікір алмасып, оның шешу жолдарын бірігіп талқылайтын боламыз. Сонымен қатар ауданға арнайы мамандар келіп отыр, – деді.
Алдымен жақында ғана облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалған Шахмардан Қойшыбаев сөз алып, шаруашылық басшыларының кез келген ұсыныс-пікірлерін тыңдап, талқылауға дайын екендігін жеткізді.
Мұнан соң «Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сейілбек Нұрымбетов пен Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Бақытжан Дүйсембеков мінберге шығып, шаруашылық басшыларын егінді әртараптандыру бағытына бет бұруға шақырды. Себебі жыл сайын Сырдария өзені бассейнінде су тапшылығы орын алып, бұл мәселе жылдан-жылға күрделене түскенін тілге тиек етті.
Кезек ұсыныс-пікірге берілгенде «Тілеп» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Ібайдулла Тілеп, «Сыр маржаны» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Мінәжадин Өтеев, «Жалаңтөс батыр» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Қасқырбай Әлімбай аудандағы шаруашылық иелерін толғандыратын мәселелерді ортаға салды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
14 қазан 2020 ж. 2 463 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 41

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930