Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыға ҚР Су ресурстары және ирригация министрі келді

Қазалыға ҚР Су ресурстары және ирригация министрі келді

Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бүгін Қазалы ауданында болды. Ауданға жасаған жұмыс сапары барысында министр облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жахановпен бірге Басықара ауылындағы Ә.Тыныбаев атындағы су торабына барып, аудандағы шаруашылық басшыларымен кездесті.
Кездесу барысында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет министрге ауданның қазіргі су шаруашылығы мен егін шаруашылығы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар бойынша айтып өтті.
Биылғы жылға аудан бойынша 17445 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылған болса, оның ішінде суды ең көп қажет ететін дақыл күріш көлемі 5636 гектар. Ал, ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға жоспарланған су көлемі 605,12 млн. текше метр, оның ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарын 335,12 млн, экологиялық қажеттілікке 270,00 млн. текше метр су лимиті бөлінген.
Шаруашылық басшыларымен кездесуде Нұржан Молдиярұлы су шаруашылығы мамандарымен салаға қатысты мәселелерге байланысты пікір алмасып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар шаруашылық басшылары министрге су қажеттілігіне байланысты ұсыныстарын да жеткізді. Министр «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының басшысы Ролан Ахметовке алдағы уақытта шаруашылықтарға қажетті су насостарын алып беру жөнінде тапсырма берді. Ал шаруашылықтың өзінде насос болған жағдайда қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетілетіндігін айтты.
Айта кетейік, министрмен бірге ауданға Су ресурстары және ирригация министрінің су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов, облыстық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалану реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Еркебай, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының басшысы Ролан Ахметов, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысы Зейнолла Қазтуғанов бірге келді.
ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің өңірге жасаған жұмыс сапары барысында аймақтағы су шаруашылығындағы өзекті мәселелерге қатысты арнайы жиын өткізді. Жиында министр өңірдегі вегетациялық кезеңді тұрақты өткізіп, суды тиімді, ысырапсыз пайдалану жөнінде тиісті сала басшылары мен барлық аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді. Бүгінде Қазалы ауданына берілген су лимитінің аз болуына байланысты, меже бойынша бектіліген күріш дақылы 800 гектарға қысқартылып отыр.
27 маусым 2025 ж. 116 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30