Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда "Ұлағат жырым ұрпаққа" атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы өтті

Қазалыда "Ұлағат жырым ұрпаққа" атты республикалық жыршы-жыраулар байқауы өтті

Қазалы ауданында жыраулық дәстүрдің көрнекті өкілі, шайыр – Ерімбет Көлдейбекұлының 175 жылдығына арналған шаралар Роза Бағланова атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Ұлағат жырым ұрпаққа» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауына жалғасты.
Республикалық байқауға Астана, Алматы, Қызылорда қалалары мен Маңғыстау облысынан және Қармақшы, Арал, Қазалы аудандарынан жыраулық дәстүрді жалғап келе жатқан 11 жыршы-жыраулар қатысты.
Республикалық байқауды аудан әкімі Алмасбек Есмаханов сөз сөйлеп ашып, жиналған жұртшылықты Ерімбет Көлдейбекұлының 175 жылдығымен құттықтады. Сондай-ақ Сыр сүлейінің өмір жолы мен ұлттық өнерге қосқан баға жетпес үлесі жайында айтып өтті.
-Қазақтың мәдениеті, өнері - бұл ұлттың рухани тірегі, өткен мен бүгінді жалғаған алтын көпір. Ал, қазақ өнерінің ішіндегі жыраулық дәстүр - төл әдебиетіміздің бастау бұлағы, руханиятымыздың асыл мұрасы, баға жетпес рухани қазынамыз. Қазақтың жыраулық өнерінде есімдері алтын әріппен жазылған негізгі тарихи тұлғалар Қорқыт ата, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Бұқар жырау және Шал ақын мен Үмбетей сынды жыраулардың шығармалары арқылы, біз халқымыздың тарихи жолын, елдік рухын, дүниетанымын терең ұғынып келдік. Ал, Сыр сүлейі атанған Қарасақал Көлдейбекұлы жыраулық дәстүрде ерекше есімдері қалған тарихи тұлғалардың жалғасы. Ерімбет Көлдейбекұлы сынды тарихи тұлғаларды дәріптеу арқылы біз ұлттық санамызды күшейтіп, жастарымыздың бойына отаншылдық пен рухани құндылықтарды сіңіреміз. Қазалы ауданында Ерімбет шайырдың 175 жылдық мерейтойына арналған ауқымды мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылып, ғылыми басылымдар, тарихи-танымдық конференциялар, жыр кештері, шығармашылық байқаулар өтуде. Бұл — өткенге тағзым, келешекке аманат, рухани тамырмен қайта табысу. «Рухани жаңғыру – өткендi танудан басталады», - демекші киелі өнердің шамшырағы болған Ерімбет шайырдың есімі ұмытылмай, мәңгі жаңғыра берсін, - деді аудан әкімі.
Аудан басшысынан кейін тарихи тұлғаның есімін дәріптеуге арналған мәдени-көпшілік шараларға арнайы келген облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Жанұзақов сөз сөйлеп, республикалық жыршы-жыраулар байқауына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Мұнан кейін жыршы-жыраулар шайыр Қарасақал Ерімбеттің терме-толғау, айтыстарынан бір шығарма және еркін тақырыпта бір шағармадан үзінділер орындады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі үшінші орын қармақшылық ең жас термеші Талант Балтабайға, Астана қаласынан келген жыршы Базарбайұлы Сырсұңқарқа және Қазалы ауданынан қатысқан жыршы Айдос Тұрарға бұйырды. Ал, жүлделі екінші орынды алматылық Нұртуған Ұлдана мен айдынды Арал ауданынан келген жыршы Гүлжамал Бейісова иеленді. Байқаудың бірінші орыны қызылордалық қобызшы Марат Сүгірбайға табысталды. «Ұлағат жырым ұрпаққа» атты республикалық жыршы-жыраулар байқауының бас жүлдесін Қызылорда қаласынан келген жыршы Жақсан Жәнібек иеленді.
Айта кетейік, байқау қорытындысымен жүлделі үшінші орын алған жыршыларға 150 мың теңгенің қаржылай сертификаты, екінші орындарға 300 мың теңге, бірінші орынға 500 мың теңге, ал, бас жүлдеге 700 мың теңге қаржылай сертификаттары табысталды. Ал, қалған байқауға қатысушылардың бырлығы 50 және 100 мың теңгелік қаржылай сертификаттарға ие болды.
Республикалық жыршы-жыраулар байқауына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері Берік Жүсіп, Ерімбеттанушы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі Қараша Қараман, жыршы, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Серік Жақсығұлов және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты Нұрлан Көбегенұлы қазылық етті.
07 қараша 2025 ж. 132 0

Еңбегімен елге сыйлы

08 қараша 2025 ж. 148

Еңбекпен есейген ер

08 қараша 2025 ж. 120

ФОРУМ: кәсіп пен еңбек

08 қараша 2025 ж. 125

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930