Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл аудан халқы 100 пайыз таза сумен қамтылады

Биыл аудан халқы 100 пайыз таза сумен қамтылады

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту, суды үнемдейтін және цифрлық технологияларды енгізу мәселесі қаралды.
Мәжілісте аудан басшысы Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған 2025 жылдың соңына дейін халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтуды тапсырмасына сәйкес, тиісті сала басшыларына аудан халқын ауыз сумен қамту бойынша жүргізіліп жатқан жобаларды жыл соңына дейін аяқтау жөнінде тапсырма берді.
Бүгінгі таңда Қазалы ауданында елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 1,2 млрд. теңге болатын 4 жоба жүзеге асырылуда. Аталмыш жобадағы Шәкен, Сарбұлақ, Шилі және Шитүбек елді мекендері орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылғаннан кейін аудан халқы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ. Бүгінде елді мекендердегі құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жиында аудан әкімі жауапты сала басшыларына тұрғындарды ауыз сумен қамту, сапалы қызмет көрсетуде ешқандай мәселе болмауы керектігін және барлық нысандарға мониторинг жасауды айтып, аудан бойынша тозығы жеткен су нысандарына, мұнараларға жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сонымен қатар соңғы уақыттары тұтынушылар тарапынан ауыз судың сапасына да наразылықтарын жиі туындап жүргенін айтып, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының басшысына ауыз судың сапасын, тазалығын күнделікті бақылауға алуды тапсырды.
01 шілде 2025 ж. 363 0

Тымақтағы тылсым қасиет

13 маусым 2026 ж. 98

Тиімді кәсіп көздері

13 маусым 2026 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930