Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ

Биыл Қазалы ауданы 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылмақ

Бүгінде ауданымызда халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін баспанамен қамту, сапалы инфрақұрылым жүргізу жұмыстары жалғасуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Қазақстан халқын 100 пайыз таза ауыз сумен қамту туралы тапсырма берген болатын. Биыл Қазалы ауданының халқы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 100 пайыз таза ауыз сумен қамтылады.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде баяндады.
– Ауызсумен қамту бойынша өткен жылы екі елді мекенге (Ажар, Жұбан) су тұщытқыш қондырғы орнатылды. Биыл Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендерін таза ауыз сумен қамту жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар алдағы қыркүйек айында толықтай аяқталғаннан кейін, Қазалы ауданы халқын таза ауызсумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100 пайызға жетеді, - деді Мейрамбек Зинабдинұлы.
27 шілде 2025 ж. 225 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930