Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу бойынша Жол картасы әзірленеді

Қазақстанда білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізу бойынша Жол картасы әзірленеді

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Оқу-ағарту министрлігіне білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жол картасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Фото: freepik
"Осы жылдың 1 қазанына дейін Білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі 2025-2029 жылдарға арналған Тұжырымдамалық тәсілдер мен Жол картасы қабылдануға тиіс. Олар нормативтік құқықтық базаны, оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді, педагогтерді даярлау мен қайта даярлауды, ақпараттық қауіпсіздікті әзірлеу жөніндегі шараларды қамтуы керек", – деді ол Үкімет отырысында.
Сондай-ақ Бектенов өңірлерде заман талабына сай мектептерді салуды, оларды жоғары жылдамдықты интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз етуді тапсырды. 
"Оқу-ағарту министрлігі, "Самұрық-Қазына" қоры өңір әкімдіктерімен бірлесіп, желтоқсан айына дейін қалған 52 Келешек мектептерінің құрылысын аяқтауы қажет. Өңір әкімдіктерімен бірлесіп, "Ауыл мектебі – сапа алаңы" шағын жинақты мектеп моделін кезең-кезеңмен енгізуді жалғастыру қажет. Оларды жоғары жылдамдықты Интернетпен, цифрлық білім беру ресурстарымен қамтамасыз ету, қашықтан оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ педагогтерді тиісті дағдыларға дайындау жөнінде нақты шаралар көзделуге тиіс. Әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде, соның ішінде жеке инвестицияларды тарта отырып, "Sana" жаңа буын орталығының тұжырымдамасы мен тәсілдерін кең ауқымда қолдану қажет", – деді Үкімет басшысы.
09 қыркүйек 2025 ж. 355 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930