Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар жол қозғалысы ережелерін үйренеді

Қазақстандық оқушылар жол қозғалысы ережелерін үйренеді

Премьер-министр Әлихан Смайылов білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер жаңа оқу жылы қарсаңында үкімет мүшелерінің назарын бірнеше проблемаға аударды.
"Оқу-ағарту министрлігі ішкі істер министрлігімен бірлесіп, білім беру бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін үйретуді міндетті түрде енгізу және жұмыс істеп жүрген инспекторларды осы жұмысқа тарту мәселесін қарастырсын", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Сондай-ақ ол әкімдіктерге мектептердің бейнебақылау жүйесін ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына шығаруды жеделдетуді тапсырды.
Мектептерді күзетуге лицензияланған ұйымдарды тарту жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, Смайылов көмекке мұқтаж балаларды мемлекеттік қолдау шараларымен 100% қамтамасыз ету қажет екенін мәлімдеді.
"Мектеп тауарларын төмен бағамен сату үшін мектеп жәрмеңкелерін және шалғай ауылдарға шығатын автодүкендерді ұйымдастыру қажет", - деді премьер-министр.
Ол құзырлы органдарға мектепке қажетті керек-жарақ мен мектеп формасының бағасына қатысты тапсырма берді.
Сонымен қатар, өңір әкімдіктеріне мектептерге оқулықтардың қажетті санын жеткізу міндетін жүктеді.
16 тамыз 2022 ж. 550 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 30

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930