Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Жолдау – Жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыты

Жаңа Жолдау – Жаңа Қазақстанның стратегиялық бағыты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында еліміздің дамуындағы басты бағыттарды айқындап берді. Мемлекет басшысы бұл жолы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбын көтеріп, жаңа технологияларды енгізу ел болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Президент Қазақстан міндетті түрде үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналуы тиіс деген стратегиялық мақсат қойды.

Жолдауда жасанды интеллектіні кеңінен енгізу, цифрландыруды барлық салада дамыту үшін арнайы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, цифрлық кодекс қабылдап, платформа экономикасы мен үлкен деректерді пайдалануды заң жүзінде реттеу мәселесі көтерілді. Президент жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі тәжірибелі маман басқаруы тиіс екенін жеткізді.

Экономикалық даму тұрғысында мемлекет басшысы цифрлық активтердің толыққанды экожүйесін қалыптастыру, банктерді нақты секторға қаржы салуға ынталандыру және криптоактивтерді дамыту міндетін қойды. Цифрлық теңгені кеңінен қолдану арқылы мемлекеттік қаржыландыру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ киберқылмыстардың алдын алатын интеллектуалды жүйелерді құру қажеттігі де ерекше атап өтілді.

Ауыл шаруашылығы саласында Президент агроөнеркәсіп кешенін жаңа деңгейге көтеру үшін нақты жоспар қажет екенін айтты. Үздік агрохолдингтердің тәжірибесін таратып, өндірісті толық цифрландыру арқылы тиімділікті арттыру міндеті қойылды. Бұл ауылдағы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өнімділікті арттыруға және экспорттық әлеуетті кеңейтуге жол ашады.

Жолдаудың ең маңызды саяси қадамдарының бірі – елде бір палаталы Парламент құру бастамасы болды. Президент бұл мәселе қоғамда, сарапшылар ортасында және Парламентте жан-жақты талқыланып, тек халықтың келісімімен референдум арқылы шешілетінін атап өтті. Осылайша, Мемлекет басшысы ашық саясат жүргізуді жалғастыра отырып, еліміздің саяси жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған қадам жасады.

#AMANAT

Ғазиз ӘЛІШ,
Қазалы аудандық мәслихат төрағасы
09 қыркүйек 2025 ж. 252 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 39

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930