Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау еліміздің жедел инновациялық дамуына зор серпін береді — Олжас Бектенов

Жолдау еліміздің жедел инновациялық дамуына зор серпін береді — Олжас Бектенов

Үкімет басшысы Үкімет Президент Жолдауында айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігерін жұмылдырады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Беткенов мәлім етті. 
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform
— Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы еліміздің одан әрі жедел инновациялық дамуына зор серпін береді. Қазақстанның болашағы — технологиялық өрлеумен байланысты, сондықтан Президент үш жыл ішінде Қазақстанды жаппай цифрлық мемлекетке айналдыру туралы стратегиялық міндет қойды, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Премьер-министр ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізу мемлекеттік басқарудың заманауи технологиялық жүйесін құруға мүмкіндік беретінін айтып отыр.

— Президент атап өткендей, мемлекеттік басқару жүйесіндегі цифрлық тәсіл азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз етіп, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттырады. Жаппай цифрландыру әртараптандырумен қатар, экономиканы кешенді түрде жаңғыртуға және Қазақстанды жаһандық аренада бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытуға ықпал етеді. Үкімет Жолдауда айтылған міндеттерді жедел орындауға бар күш-жігерін жұмылдырады, — деп толықтырды Үкімет басшысы.

Бұған дейін вице-премьер Серік Жұманғарин жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай екі есе арттыру міндеті тұрғанын мәлім еткен еді. 

09 қыркүйек 2025 ж. 119 0

Бүгін ауа райы күрт бұзылады

09 қыркүйек 2025 ж. 196

Түйе бағу – тиімді кәсіп

09 қыркүйек 2025 ж. 147

Жолдар жаңарып, жаңғыруда

09 қыркүйек 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930