«Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

Шараның мақсаты – қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және көлік нысандарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері теміржол вокзалдары мен пойыздарда қоғамдық тәртіпті сақтау үшін патрульдік бақылауды күшейтті.
Полиция қызметкерлері жолаушылар мен станция қызметкерлеріне құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгімелер өткізді.
Б.ҚАЛЖАНОВ,
Қазалы ст. ЖПб бастығы
полиция майоры