Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың мінез-құлқындағы көңіл бөлу қажет өзгерістер: ата-аналарға үндеу

Балалардың мінез-құлқындағы көңіл бөлу қажет өзгерістер: ата-аналарға үндеу

Фото: depositphotos.com
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарды балалар ойындарына ерекше назар аударуға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство мәліметінше, кейінгі кезде халықаралық және отандық БАҚ-та бөтен адамдар ойыншы ретінде балалармен танысып, сеніміне кіріп, оларды жабық чаттарға шақырып, заңға қайшы әрекеттерге итермелейтіні жөнінде алаңдатарлық ақпарат жарияланып жатыр.

Балаларға интернетте не істеуге болмайды?
жеке мәліметтерді (аты-жөні, мекенжай, телефон, отбасы жайлы мәлімет) бөлісуге;
Instagram, Telegram, TikTok, ВКонтакте секілді желілердегі қауіпті топтар мен аноним чаттарға кіруге;
ата-анасы тексермеген күмәнді онлайн ойындарды ойнауға.
Ата-аналар баланың іс-әрекетін қалай бақылай алады?
бақылау қосымшаларын пайдаланыңыз (Family Link Android үшін, Screen Time iOS үшін);
баланың әлеуметтік желілердегі достарының тізімін бақылаңыз;
аты-жөні жоқ, түсініксіз белгілермен, иероглифтермен немесе күмәнді суреттермен жасалған парақшаларға назар аударыңыз.
Көңіл бөлу қажет белгілер:
бала дұрыс ұйықтамайды, түнде жиі оянады;
денесінде түсініксіз жарақаттар пайда болады;
тұйықталып, ашушаң болып, сөйлесуден қашады;
агрессивті видеоларды жиі көреді;
қорқынышты суреттер салып, оның мәнін түсіндірмейді.
25 тамыз 2025 ж. 264 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 127

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930