Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2026 жылдан әсері күшті препараттардың заңсыз айналымына жаза күшейтіледі

2026 жылдан әсері күшті препараттардың заңсыз айналымына жаза күшейтіледі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әсері күшті препараттарды сатуға қатысты бақылау мәселесіне түсінік берді.
Фото: freepik.com
- ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің деректеріне сәйкес, адамның өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін тигізетін, күшті әсер ететін заттардың тізіміне 94 атау енгізілген (ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №120 бұйрығы). Тропикамид пен прегабалин дәрілік заттары (сауда атауы – «Лирика») осы тізімге қосылды, сондықтан олар тек рецепт арқылы сатылады. Рецепт жазу мен дәріханалардан босату тәртібі ҚР ДСМ-нің 2020 жылғы 2 қазандағы «Рецепттерді жазып беру, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Сонымен қатар, ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері тарапынан 2024 жылы рецептсіз босатылған тропикамид, зопиклон, рубуфин дәрілері бойынша жүргізілген бақылау шаралары барысында 32 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 8,9 млн теңге айыппұл салынды.
- 2025 жылғы 2 қаңтардағы №150-VIII ҚР Заңына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымы және олармен жұмыс істеу ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі, - деп аталып өткен ведомство ақпаратында.
Айта кетейік, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда дәрілік заттарды, соның ішінде есірткі және күшті әсер ететін препараттарды («трамадол», «тропикамид», «зопиклон») міндетті таңбалау және қадағалау енгізілді. Бұл жүйе аймақтар, медицина және дәріхана ұйымдары бойынша ай сайын мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Еске салсақ, жақында Ішкі істер министрлігі нашақорлар тұтынатын дәріханадағы препараттар сатылымын бақылауға алу мәселесін көтерген еді.

26 тамыз 2025 ж. 294 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 34

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 33

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 34

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 34

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 39

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031