Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа күріш сорты сынақтан өткізіліп жатыр

Қазақстанда жаңа күріш сорты сынақтан өткізіліп жатыр

Фото: depositphotos.com
Қазақстанда суды аз қажет ететін жаңа күріш сорты шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қызылорда облысында Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жаңа күріш сортын сынақтан өткізіп жатыр. "Сыр сұлуы" деп аталатын бұл сорт аз уақытта пісіп-жетілетіндіктен, суды да аз қажет етеді. Сынақ нәтижелері жаңа күріш сорты 105-110 күнде пісіп-жетіліп, жергілікті ауа райы мен топыраққа толық бейімделгенін көрсеткен.
"Барлық агротехникалық талап орындалған жағдайда гектарынан 80-85 центнерге дейін өнім алуға болады. Қазір Қызылорда облысында негізінен ресейлік күріш сорттары өсіріледі. Олар толық пісіп-жетілу үшін 120-125 күн уақыт алады", - дейді мамандар.
Сонымен қатар ғылыми-зерттеу институты венгриялық Water Retainer жаңа препаратын сынақтан өткізіп жатыр. Ол топырақтағы ылғалды ұзақ сақтауға көмектеседі.
"Биыл бұл препарат Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Ақмола және Жетісу облыстарындағы егістіктерде тәжірибе жүзінде қолданыла бастады", - дейді мамандар.

25 тамыз 2025 ж. 259 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 16

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031