Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандардың саны артып жатыр

Ресейде коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандардың саны артып жатыр

Анықталған науқастардың саны күн сайын көбейіп келеді
Ресейде коронавирустың жаңа штамын жұқтырғандардың саны артып жатыр
Фото:
istockphoto.com
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова елде SARS-CoV-2 – XFG коронавирусының «Стратус» деп аталатын жаңа штамын жұқтырғандар саны артып жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РБК-ға сілтеме жасап.
Попованың айтуынша, анықталған науқастардың саны күн сайын артып келеді.
«Науқастардың саны 300, одан кейін 384 болды, тағы көбейетін түрі бар», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бұл штамм бұрынғысына қарағанда жұқпалы, бірақ ауру жеңіл өтіп жатыр.
Роспотребнадзор басшысы коронавирустың әрбір жаңа түрі оның өмір сүруіне және таралуына мүмкіндік беретін бірегей қасиеттерге ие болатынын атап өтті. Сонымен қатар аурудың салдары әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан профилактикалық шараларды ұстанып, денсаулыққа мұқият назар аудару керек.
Ведомствоның мәліметінше Ресейде «Стратус» вирусы алғаш рет 24 сәуірде тіркелсе, шілденің соңында 114 адам жұқтырып алған. Олардың көпшілігі (54%) Мәскеуде, қалғандары Мәскеу, Магадан, Свердловск және Ленинград облыстарында болды.
Әлемде жаңа штамм алғаш рет 2025 жылдың 27 қаңтарында Канадада анықталды. Мамандар «Стратус» тез таралатынын, бірақ салыстырмалы жеңіл өтетінін айтады. Ауруға тән белгілердің бірі – дауыстың қарлығуы.



25 тамыз 2025 ж. 101 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031