Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алты айда атқарылған ауқымды іс

Алты айда атқарылған ауқымды іс

Аудан келбеті күн санап көркейіп келеді. Түрлі нысандар бой көтеріп, ерекше жерлер салынуда. Жол жаңарып, тротуарлар түзелуде. Түрлі жөндеу жұмыстары жасалып, жарқын жобалар жемісін беруде. Жақында ауданда соңғы алты айта атқарылған жұмыстар легі талқыланды. Жыл басынан бері аудан бюджеті 8,1 миллиард теңгеге артып, 43 пайызға ұлғайған.
Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезекті 42 сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов, құқық қорғау органдары мен облыстық бағыныстағы мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, дербес бөлім басшылары мен қала, кент, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Жиындағы күн тәртібіне енген мәселелердің негізгісі аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі болды. Сондай-ақ, басқосуда аудандық мәслихаттың «Экономика, қаржы, бюджет, кәсіпкерлік және құрылыс» жөніндегі тұрақты комиссия есебі, Қазалы аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы мәселелер талқыланды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев жыл басынан бергі аудан экономикасының әр саласында жүзеге асырылған жұмыстар мен алдағы жоспарлармен бөлісті.
2025 жылы аудан бюджеті 18,9 миллиард теңгеге бекітілген. Есепті кезеңде нақтыланған бюджет көлемі 27 миллиард теңгеге жеткен. Жыл басынан бері аудан бюджеті 8,1 миллиард теңгеге артып, 43 пайызға ұлғайған. 2025 жылдың 6 айы қорытындысымен өнеркәсіп өндірісі – 119,8, өңдеу өнеркәсібі – 119,9, ауыл шаруашылығы – 105,9, тұрғын үй – 106,6, сауда – 102,1, құрылыс жұмыстарының көлемі – 136,5 пайызға, негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі – 132,9 пайызға артқан.
Жалпы соңғы жылдары аудан көлемінде атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жетерлік. Мәселен, жыл басталасымен ауданға қарасты Жанқожа батыр ауылында 300 орындық «Жайлы мектеп» халық игілігіне берілсе, аудан орталығынан «Руханият» орталығы, Қазалы мәдени-демалыс кешені, Руханият сквері, Орталық алаң сынды нысандар мен абаттандырылған орындар қызметін бастап кетті. Ақтан батыр ауылы көгілдір отынға қосылды. Бүгінде Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев, Ақсуат, Байқожа елді мекендерін газға қосу, Сарбұлақ, Шилі, Шәкен және Шитүбек елді мекендері таза ауыз сумен қамту, бірқатар ауылдардың электр желілерін қайта жаңғырту, Кардиология және инсульт орталығы мен «Қарлан» көпірінің, Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылдарында 3 спорт кешені мен Майдакөл ауылында 100 орындық клубтың құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың барлығында да оң серпін байқалады.
Алты айлық қорытынды сараланған кезекті сессияда аудандық мәслихат депуттаттары ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Алдағы уақытта осындай аудан халқының игілігіне бағытталған ауқымды жобалардың жүзеге асуына тілектестігін білдірді. Көтерілген басқа да мәселелер жайында хабарламашылар тыңдалып, аудандық мәслихат депуттары тарапынан оң шешім тапты. Жиын соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Оңғарұлы ел ішіндегі жасалып жатқан нәтижелі жұмыстар аудандық мәслихат депутаттарымен бірлесе атқарғандықтың нәтижесі екеніне тоқталып, алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы жұмыстарды бірлесе атқаруға шақырды.
Иә, ауданда атқарылған жұмыстар легі ауқымды. Әсем келбеті көзтартар жерлер көбейіп, сапалы нысандар халық игілігіне берілуде. Бастысы, жемісін беріп жүрген жобалар жұртшылыққа жасалған игі бастама екенін ұмытпағанымыз жөн.
Айнұр ӘЛИ
26 тамыз 2025 ж. 123 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031