Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инсульт және кардиология орталығының құрылысы қарқынды жүруде

Инсульт және кардиология орталығының құрылысы қарқынды жүруде

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Қазалы аудандағы жұмыс сапарында аудандық көп бейінді орталық аурухана жанынан бой көтеріп жатқан 42 төсектік инсульт және кардиология орталығының құрылыс барысымен танысты.
Медициналық нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр. Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңге. Бас мердігер – «СМП Кызылорда» ЖШС-і. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың соңына жоспарланған.
Халық қалаулысы нысанды аралау барысында жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс барысына қатысты нақты міндеттер жүктеді.
«Ауылдық жерлердегі медициналық инфрақұрылымды дамыту басым бағыттардың бірі. Бұл орталық тұрғындарға жоғары деңгейде қызмет көрсетуі керек. Сондықтан ең бастысы – құрылыс уақытында және сапалы аяқталып, халық игілігіне берілуі тиіс», – деді Мархабат Жайымбетұлы.
Жоба бойынша орталық пайдалануға берілгеннен кейін аудан тұрғындары үшін аса маңызды мәселе болған МРТ құрылғысы орнатылып, инсульт және жүрек-қан тамыр ауруларына қатысты диагностика мен емдеу қызметтері қолжетімді болмақ. Сонымен қатар, тиісті медициналық мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары қолға алынады.
07 шілде 2025 ж. 125 0

Форум – БАҚ назарында

07 шілде 2025 ж. 203

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031