Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қожабақы ауылының электр желілері жаңартылуда

Қожабақы ауылының электр желілері жаңартылуда


Қожабақы ауылындағы тұрғындармен кездесуден кейін Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов елді мекеннің электр желілерін қайта құру жұмыстарымен танысты.

Сметалық құны 442,8 млн теңгені құрайтын жобаның бас мердігері — «Нұрай-Ақжол РГ» ЖШС. Жоба аясында ауыл ішіндегі ескі электр желілері толық жаңартылып, заманауи инфрақұрылыммен қамтылмақ. Аталған қайта құру жұмысына жауапты сала басшысының айтуынша, жоба толық іске қосылғаннан кейін Қожабақы ауылындағы 292 тұрғын үйде тұратын 1520 адам сапалы және тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз етіледі.

Мархабат Жайымбетов бұл жобаның жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуда маңыздылығы жоғары екенін атап өтті.

«Ауылды тұрақты және сапалы электрмен қамту тұрғындардың күнделікті тұрмысы үшін аса қажет. Мұндай жобалар Мемлекет басшысының ауыл инфрақұрылымын жаңғырту тапсырмасының нақты орындалуы деп есептейміз. Жоспарланған жұмыстар талапқа сай әрі белгіленген мерзімінде сапалы орындалуы тиіс», – деді халық қалаулысы.

07 шілде 2025 ж. 126 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031