Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Инфрақұрылымның қарқыны қандай?

Инфрақұрылымның қарқыны қандай?

Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектісінің бірі – инженерлік инфрақұрылым. Бұл сектор халықтың тұрмыс сапасын арттыруға, аймақтық дамуды теңестіруге және елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Көпшілікке түсініксіз инфрақұрылымның қазіргі күйі қалай?

Инженерлік инфрақұрылым – елдің экономикалық және әлеуметтік өмірінің негізі. Ол көлік, энергетика, су және жылумен қамтамасыз ету жүйелерінен тұрады. Есіңізде болса, ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына ауқымды міндеттер қойған еді. Соның ішінде ірі инфрақұрылымдық бастамалар айтылды. Президент айтқан салалар – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жөндеу және жаңғырту, баспана құрылысы, жолдарды жөндеу және газдандыру болатын. Жауапты министрліктер осы бағыттардың әрқайсысы бойынша тиісті жұмысты бастап кетті. Алда нақты көрсеткіштер бар және ол бойынша барлық мемлекеттік орган, әкімдіктер, квазимемлекеттік сектор мен бизнес компаниялар тартыла бастады. Қош. Қазалы ауданындағы инженерлік инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың легі қандай?
Ауданның инфрақұрылымын дамыту мәселесі басты назарда тұр. Себебі, жер кезегінде тұрған тұрғындардың саны жылдан жылға артып келеді. Тұрғын үй салу үшін жер кезектілігін азайту мақсатында бас жоспарға сәйкес Әйтеке би кентінің оңтүстік-батыс беткейінен көлемі 600 гектар аумаққа инженерлік инфрақұрылым жобасы әзірленген. Жалпы жоба құны – 8 921,6 миллион теңге. Қазіргі таңда тиісті комитеттерге қаржыландыруға ұсынылған. Қаржысы күтілуде.
Ал аудан халқының 97,3 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. 2022 жылы 2025 жылға дейінгі орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосудың егжей-тегжейлі сызбасы бекітілді. Орталықтандырылған су жүйесіне қосу үшін Сарбұлақ (730,7 млн теңге), Шәкен (361.7 млн теңге), Шилі (235,7 млн теңге) елді мекендерді ауызсумен қамту жобалары әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Аталған жобаларда су айдау насостарын орнату, су сақтау резарвуарын, су тұщыту қондырғысын салу және сервистік су желісін тарту жұмыстары қаралған. Ажар, Жұбан, Бірлік елді мекендерін су тұщытқыш қондырғысы арқылы ауыз сумен қамту үшін 2024 жылға аудандық бюджеттен 52,4 миллион теңге бөлініп, су тұщытқыш құралдары орнатылды.
Бұл жұмыстар кезең-кезеңімен іске асыру арқылы 2025 жылы ауданда ауыз су мәселесі 100 пайыз түбегейлі шешіледі деп күтілуде. Электр энергиясымен қамту бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, биыл жалпы құны 449,1 миллион теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылуда. Біріншісі, Қазалы қаласының электр желілерін толық жаңарту жұмыстарын бастауға 111,4 миллион теңге. Жалпы құны 592 миллион теңге. Екіншісі, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Қожабақы ауылының электр желілерін қайта жаңғырту жұмысын бастауға 50 миллион теңге. Жобаның жалпы құны 453 миллион теңге. Үшіншісі, Әйтеке би кентінің электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына 287,7 миллион теңге (2023 жыл 187,7 млн теңге, 2024 жыл – 100 млн тг). Жобаның жалпы құны 319,6 млн теңге. Нәтижесінде аудандағы электр желілерінің тозу деңгейі 70 пайыздан 62,5 пайызға төмендейді дейді мамандар.

Айнұр ӘЛИ
Коллажды жасаған С.АҚМЫРЗА

12 қазан 2024 ж. 84 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930