Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел жүрегі - Астана, дала үні - домбыра

Ел жүрегі - Астана, дала үні - домбыра

Қазалыда 6 шілде - Астана күні және шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық Домбыра күні мерекелеріне орай «Ел жүрегі- Астана, дала үні - Домбыра» атты мерекелік шара өтті.
Әйтеке би кентіндегі Орталық алаңда өткен мерекелік шараны аудан әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев сөз сөйлеп ашып, жиналған жұртшылыққа аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің мерекелік құттықтауын жеткізді. Сондай-ақ елдігімізді айқындап, өткенімізді дәріптей түсетін қос бірдей мерекенің маңызына тоқталып, халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін, Арқа төсіндегі ару Астанамыз жарқырап, жайнай берсін,-деген шынайы тілегін жеткізді.
Мерекелік шара «Домбыра - қазағымның киесі, Астана - отанымыздың жүрегі» атты ерекше қойылыммен басталды. Шараға жиылған жұртшылық аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы мен мерекеге орай ұйымдастырылған көрмені тамашалады.
Сондай-ақ кеш барысында жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде өтетін «Туған өңір, тұнған өнер» атты көркемөнерпаздар мен шығармашылық ұжымдарының аймақтық өнер фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері де аудан әкімінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.
©Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 шілде 2025 ж. 259 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 25

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 19

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031