Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты қос ауылдық округте болды

Мәжіліс депутаты қос ауылдық округте болды

Бүгін Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов ауданға жұмыс сапары барысында Майдакөл және Аранды ауылдық округіне ат басын бұрып, тұрғындармен пікірлесіп, спорт нысандарының құрылысын көрді.

Аманаттық депутат бірінші кезекте Бекарыстан би ауылындағы спорт кешенінің бүгінгі жай-күйіне зер салды. Қазіргі таңда іргетасының колонна стакандарын құю жұмыстары аяқталған. Мердігер мекеме «Жылу ХХІ» ЖШС.

Құрылыс басында ауыл тұрғындары спорт кешенінің құрылысын толық қаржыландыру бойынша ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ ауылға жаңа мектеп салынса дейді.

Мұнан соң халық қалаулысы Қожабақы ауылында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс алаңына арнайы барды. Жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселе спорт кешенінің құрылысын уақытылы әрі сапалы аяқталуы мен ауыл балалары үшін жаңа балабақшаның қажеттігі.

Осылайша, Мәжіліс депутаты қос ауылда болып, құрылыс жұмысына қатысты ой-пікірін білдірді. Алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

«Құрылыс нысандары сапалы әрі белгіленген мерзімінде пайдалануға берілуі тиіс. Жаңа спорт ғимараттарының құрылысын қамтамасыз ету «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылған жұмыс. Сондықтан партия өз бақылауында ұстайды. Алдағы уақытта толықтай қаржыландыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілетін болады. Ал жаңа білім нысандарының қажеттігі бойынша ұсыныстарыңызды бақылауыма алып, жұмыс жасаймын», – деді халық қалаулысы
02 шілде 2024 ж. 242 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 111

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 109

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 107

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 96

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930