Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады

Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов жұмыс сапары барысында Бекарыстан би ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлеріне құлақ асып, мәселелерін тыңдады.
Ауыл ішіндегі «Диін бағында» өткен жүздесуде халық қалаулысы елді мекендердегі өзекті мәселелерді шешу мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, Мәжілісте қабылданып жатқан заңдар мен бағдарламалар туралы ақпарат берді. Бюджет қаржысының игерілуіне қатысты да сөз қозғап, бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы басты талап екенін айтты.
Кездесуде тұрғындар спорт кешенінің құрылысын аяқтауға қосымша қаржы бөлу, ауылішілік жолдарды жөндеу, көпірлерді қалпына келтіру, денсаулық сақтау нысандары, соның ішінде аулыға аурухана қажеттілігі туралы ұсыныстарын жеткізді.
Өз кезегінде депутат көтерілген әрбір мәселеге жеке жауап беріп, жауапты сала басшыларымен бірге шешу жолдарын қарастыратынын және бақылауында ұстайтынын айтты.
Жиын соңында ауыл тұрғындары атқарылып жатқан игі істердің аз еместігін атап өтіп, елмен етене араласып жүрген халық қалаулысына ризашылықтарын білдірді. Алдағы қызметіне сәттілік тілеп, баталарын берді.
07 шілде 2025 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031