Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәжіліс депутаты жол құрылысымен танысты

Мәжіліс депутаты жол құрылысымен танысты

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Қазалы ауданындағы жұмыс сапарының екінші күнінде «Қазалы – Көларық – Бекарыстан би – Жаңақұрылыс» бағытындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолының 6,5 шақырымдық бөлігінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Жобаның жалпы құны – 835 699,3 мың теңге. Жобаға сәйкес жол жамылғысы толықтай жаңартылып, қалыңдығы 18 см болатын үш қабатты асфальт-бетон жабындысы төсееді.Атап айтқанда, бірінші қабат – қара шебень негізі, екінші қабат – ірі түйіршікті асфальт, ал үшінші қабат – майда түйіршікті асфальт болып табылады.
Бүгінгі күні 4 шақырымдық учаскеде алғашқы екі қабат – қара шебень мен ірі түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстары толықтай аяқталған. Қалған 2,5 шақырымда құрылыс жұмыстары жоспар аясында жүргізілуде. Жобаны іске асыру мерзімі – 7 ай.
Халық қалаулысы Мархабат Жайымбетов мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына назар аударды. Сондай-ақ, тұрғындар күтіп отырған инфрақұрылымдық жобаны уақытылы аяқтау қажеттігін ерекше атап өтті.
«Жол - стратегиялық маңызы бар нысан. Сондықтан құрылыс жұмыстары сапалы орындалып, мерзімінде аяқталуы тиіс. Бұл халықтың күнделікті тіршілігі мен қауіпсіз қозғалысы үшін аса маңызды», – деді депутат.
07 шілде 2025 ж. 120 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031