Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қожабақы ауылында халықпен кездесу өтті

Қожабақы ауылында халықпен кездесу өтті

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов Қожабақы ауылына арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Жиын барысында халық қалаулысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерге назар аударды.
Бірінші кезекте Мәжілісте қабылданып жатқан заңдар мен бағдарламалар туралы ақпарат беріп, олардың өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тигізер ықпалына тоқталды. Бюджет қаржысының игерілуіне қатысты мәселеге де назар аударды.
Кездесуде тұрғындар әсіресе елді мекендегі инфрақұрылым бағытына қатысты мәселелерді кеңінен қозғады. Атап айтқанда, Аранды – Қожабақы бағытындағы 12 шақырымдық жолды жөндеу, Аранды ауылынан скважина қазу, газдандыру жұмыстары, спорт кешенінің құрылысын аяқтау үшін қосымша қаржы бөлу, сондай-ақ балабақша салу қажеттігі сынды ұсыныстар айтылды.
Көтерілген барлық мәселелер бойынша депутат нақты жауап беріп, әрбір ұсыныстың орындалысын бақылауда ұстайтынын жеткізді. Сонымен бірге, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып шешу жолдарын қарастыратынын айтты.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерінің ұсыныс-пікірлеріне бейжай қарамай, ашық диалог орнатқан халық қалаулысына ризашылықтарын білдіріп, жұмысына табыс тіледі.
07 шілде 2025 ж. 139 0

Форум – БАҚ назарында

07 шілде 2025 ж. 224

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031