Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырында малы қаптаған, сырында күріш баптаған

Қырында малы қаптаған, сырында күріш баптаған

Мемлекет тарапынан саланы қолдауға арналған қамқорлық нәтижесінде бүгінде Қазалы ауданының аграрлық секторында серпінді даму динамикасы қалыптасуда. Сөзімізге соңғы жылдары аграрлық секторда өндірілген өнім көрсеткішінің артуы дәлел. «Балықшы күнде, егінші жылда арманда» дегендей, табиғи құбылыстар әсерінен тосқауыл, азық-түлік қауіпсіздігі тәуекелдерінің жоғарылығы, су тапшылығы қиындығымен бетпе-бет келсе де аудан еңбеккерлері уақыт талабына сай өзгерістерге бейімделіп, ауылшаруашылық өнімдері түрлерін ұлғайтып, ішкі нарықтың сұранысын қамтамасыз ету бағытында батыл жұмыстарды қолға алған.
Жаңалыққа бетбұрыс – уақыт талабы
Қазалы ауданы бойынша 2025 жылы 18245 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын егу межеленген.
Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәнді дақылдар үлесі –6 681 гектар. Жаздық бидай – 200 гектар болса, арпа – 40 гектар, тарыны 5 гектарга жеткізуге мүмкіндік қарастырылған. Майлы дақылдар көлемі – 500 гектар. Күнбағыс – 5 гектар, ал мақсары 495 гектар. Көкөніс пен бақша 2164 гектарды құрап отыр. Картоп – 95 гектар, көкөніс – 951 гектар, бақша – 1118 гектар. Малазығындық дақылдар 8900 гектар аумаққа егілмек. Жаңа жоңышқа 2945 гектар, ескі жоңышқа 5536 гектар, сүрлемдік жүгері 419 гектар болып белгіленген.
Жылдағыдай негізгі дақыл – күрішке биыл да басымдық беріліп отыр. Ауданның 6 436 гектар жеріне сыр маржаны орналастырылған. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1870 тонна күріш, 31,8 тонна жоңышқа және 2,0 тонна мақсары, 28 тонна жаздық бидай, 21 тонна арпа тұқымдарын дайындап, пайдаланған.
Елімізде ауыл шаруашылығын басқаруды жетілдіру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, еңбек өнімділігін арттыруды мақсат тұтқан ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында агрокешеннің дамуында кешеуілдік барын баса айтып, салаға серпіліс керектігін нықтап, ұлттық табыс игілігін жұрттың барлығы көруге маңыз беруді тапсырған болатын.
Жыл басынан бері мемлекекеттік деңгейдегі инновациялық жобалар және ауылшаруашылық құрылымдарын қаржылық қолдау механизмдері жүзеге асқан.
Ауыл шаруашылық саласын тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инновациялық технология негізінде еңбек өнімділігін арттыруда жергілікті билік жүйелі жоспар түзген.
Тыңайтқыштарды қолдану – ауыл шаруашылығын қарқындатудың негізгі жолдарының бірі. Биылғы жылдың егісі үшін жоспарланған 4200 тонна тыңайтқыш пен 4150 литр гербицидтің бүгінгі күнге дейін 4256 тонна, яғни 101,3 процент тыңайтқыш пен 3950 литр – 95,2 процент гербицид жеткізілген.
Еңбеккерлер кездесетін келесі қиындық – техникалардың тұралауы. Оны болдырмау мақсатында егін егу жұмыстарына барлығы 507 дана ауыл шаруашылығы техникасы толық жөндеуден өткен. Атап айтар болсақ, 161 дана трактор, 87 дана соқа, 47 дана тұқым сепкіш, 16 дана автомашина, 196 дана трактор тіркемесі сақадай сай.
Дала жұмыстарын жүргізу үшін 825 тонна дизель отыны бөлініп, 1 литрдің бағасы 254 теңгеге белгіленген. Бүгінгі күнге дейін жеткізіп беруші операторлар «Жібек Жолы ЛТД и К» және «PetroRetail» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тарапынан 418 тонна дизель жеткізілген.
5536 гектар ескі жоңышқа дақылы тырмалынып, суғарылса, жоспарланған 2945 гектар жаңа жоңышқа, 200 гектар жаздық бидай, 40 гектар арпа және 495 гектар мақсары дақылдары толық егіліп, күтімге алынған.
Сондай-ақ, бүгінгі күнге дейін межеленген 95 гектар картоп, 951 гектар көкөніс, 1118 гектар бақша, 419 гектар сүрлемдік жүгері егілген.
151 гектар азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында картоп, көкөніс, бақша дақылдарын қосымша егу үшін 296 тұрғын бірігіп, дақылдар орналастыру жоспарын толық орындаған. Егістің 15 гектарын картоп, 60 гектарын көкөніс,76 гектарын бақша дақылдары құраған.
Қазіргі таңда 5636 гектар күріш дақылы 100 процент суға толық бастырылған. Өңір егістігіне қолданылатын сулардың басым бөлігі трансшекаралық өзендер арқылы жетеді. Вегетация кезеңінде фермерлерді суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды еңсеру үшін ылғалды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, өнімді өсімдіктерге бетбұрыс жасау бағытында күрішті аудан жұртшылығы өткен жылмен салыстырғанда 800 гектарға кем еккен.
«Рза Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 169 гектар, «Сыр Маржаны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 185 гектар, «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі –100 гектар, «Өте» шаруа қожалығы –122 гектар, «Береке» шаруа қожалығы –75 гектар бекітілген жоспардан кем орындаса, «Jankent Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мүлде күріш екпеген.
Соңғы жылдары су үнемдеу технологияларын енгізу ісі қолға алынды. Биылғы жылы да су үнемдеу технологияларын арттыру жоспарлануда. Ағын сумен қатар, жерасты сулары да көлемі кішірейіп бара жатқанын ескерсек, егістікті арықты суға толтырып, жаппай жайып суаратын дәстүрлі тәсіл тиімсіздігін жер емген диқандар түсінген. Су қиындығы өнімді өнім алуға негізгі тосқауылдың бірі. Осыған орай, бүгін суару жүйелерін алудың жолдары мен қаржыландыру мәселелеріне де ден қойылуда.
Ауданда су үнемдеу технологияларын толық көлемде енгізу су шығынын кемітіп, суармалы жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік берері сөзсіз. Мемлекетте шаруаларды су үнемдеу технологияларын қолдануға ынталандыру үшін заманауи суару жүйесіне қол жеткізуге және қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсалған шығындардың біраз бөлігін өтеуді көздейтін инвестициялық субсидиялау түріндегі қолдау бар.
Барлығы 38 дана су сору қондырғысы болса, оның 26-сы Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінде және ауылдық округтерде. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 9 қондырғы, ал өзгелері «Қазалысушар» өндірістік учаскесінің теңгерімінде.
Бүгінде аталған су сору қондырғылары қала, кент және ауылдық округтерінің аяқ суларына, сондай-ақ «Рза агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Ақмаржан» шаруа қожалығының егістігіне орналастырылған.
Су тапшылығына орай ауыл шаруашылығы құрылымдарына әлі де 15 дана насос қондырғысы қажеттігі туындап отыр.
Дақылдарды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 640 миллион текше метр суармалы су лимитіне келісім алынған. 370 миллион текше метр суы егістікке босатылса, ал 270 миллион текше метр су экологиялық қажеттілікті өтеуде.
Шалғайдағылар да шет қалмайды
2023 жылдан бастап «Ауыл аманаты» жобасы елімізде сәтті жүзеге асырылып, халықтың ауылда тұрақтауына, жұмыссыздар санының азаюына, сонымен қатар тұрғындардың табысының артуына оң ықпалын тигізуде.
Мемлекеттік бағдарлама өз кезеңінде ауыл шаруашылығын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастама ел тұрғындарын агробизнеске тарту және ауылдық жерлердегі кәсіпкерлікті қолдауды да көздеген.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде іске қосылған. «Ауыл аманаты» жобасын кеңінен насихаттау жұмыстары Қазалыда да белсенді жүргізілуде.
Жоба ауыл тұрғындарына өз кәсібін ашуға немесе қолданыстағы бизнесті кеңейтуге көмектесуге арналған, бұл ауылды жерлердегі экономикалық белсенділікті арттырып, елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосуда.
«Ауыл аманаты» жобасының қатысушыларының бірі – Нұргүл Ахметова. Ол бала күнінен ісмерлікке қызығып, жақында жоба арқылы бала күнгі арманын іске асырған. Кәсібін дөңгелетіп отырған келіншек үйінің жанынан шағын шеберхана жұмысын бастаған.
«Бастапқыда үйге қажетті бұйымдарды тігіп жүретінмін. Достарым мен туыстарымыз оларға үнемі таңданыспен қарайтын. Нағашы әпкемнің қызы тұрмысқа шығатын болып, қыз жасауын тігуді маған тапсырды. Имене бастаған жұмысым бүгін өріс алды. Жұмсақ ойыншықтар, мектеп формалары, түрлі бірыңғай киімдер тігуге ұсыныстар түсіп тұрады», – дейді ол.
Өз ісін жүргізуге қажетті жабдықтар қолбайлау болғанда, таныстарның бірі аталмыш жоба туралы мағлұмат берген. Жас кәсіпкер іздену арқылы, тиісді несиге қол жеткізіп, тапсырыс көлемін ұлғайтып, табысын арттырған.
2023 жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында жалпы құны 484,4 миллион теңгені құрайтын 68 жоба қаржыландырылып, 92 жаңа жұмыс орнының ашылған болатын.
2024-2025 жылдары жоба аясында 2-траншпен 399,2 миллион теңге болатын 63 жоба қаржыланған. Қатарында 22 миллион теңге болатын ауылшаруашылғы өндірістік кооперативі, құны 229,3 миллион теңгені құрайтын өңдеу саласы бойынша 38 жоба бар. Мал шаруашылығы бағытына 34 миллион теңгелік 7 жоба жүзеге асса, егін шаруашылығы бойынша 4 жоба іске асырылған. Құны 24,9 миллион теңге. Ауыл шаруашылығынан басқа бағыттар бойынша 13 жоба іріктеліп, оған қажетті 89 миллион теңге берілген.
2025 жылы «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында аудан бойынша 835,1 миллион теңге бөлу жоспарланған. 124 жоба қаржыландырылып, 135 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
Олар ауылшаруашылғы өндірістік кооперативі құны 30 миллион теңге деп танылған 1 жоба, 264 миллион теңге жұмсалатын 42 өңдеу саласы, 185 миллион теңге тұратын мал шаруашылығы бағытындағы 26 жоба. Сондай-ақ егін шаруашылығы бағытындағы құны 67,8 миллион теңге тұратын 11 жоба, 241,3 миллион теңгелік ауыл шаруашылығынан басқа бағытта 39 жоба, 47 миллион теңгелік техника сатып алу бағытындағы 5 жоба бар.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы, Жалаңтөс батыр ауылында 3 шағын өндірістік орталықтар құрылған. Мұнда 59,1 миллион теңгені құрайтын 17 жоба тұрақты жұмысын жүргізіп отыр.
Игілікті бағдарлама
Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға ынталандыратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларына бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы да өз игілігін көрсетіп келеді.
Аудан бойынша 2009-2025 жылдары аралығында тұрғын үй сатып алу түріндегі бюджеттік несие және көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмек денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, және агроөнеркәсіп кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне ұсынылуда.
2024 жылға «Дипломмен ауылға» бағларламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алу немесе салуға 72 маманға 605 488,0 мың теңге қаржы қаралып, желтоқсан айында 68 маман бұл игілікке қол жеткізген. 100 процентке игерілген қаржы аясында білім беру саласының 33 маманы, денсаулық сақтау ісінің 32 маманы, мәдениет бағытындағы 2 маман, спорт саласындағы 1 маман баспаналы болған.
Сонымен қатар, көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 94 маманға 34 704,8 мың теңге қаржы қаралған. Есекерте кететін жайт, 100 айлық есептік көрсеткіш – 1 маманға 369 200 теңге. 2024 жылдың мамыр айында жәрдемақы 90 маманға берілсе, желтоқсанда 4 маманға беріліп, толығымен игерілген. Олар білім беру саласының 54, денсаулық сақтау саласының 25, мәдениет саласының 1, спорт саласының 3, әлеуметтік қамсыздандыру саласының 2, агроөнеркәсіптік кешені саласының 9 маманы.
2025 жылға «Дипломмен ауылға» бағларламасы бойынша республикалық бюджеттен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға 33 маманға 306 696,0 мың теңге қаржы қаралып, тамыз және қыркүйек айларында игерілу жоспарлануда.
Көтерме жәрдемақы түріндегі әлеуметтік көмекке 93 маманға 36 567,6 мың теңге қаржы бөлініп, осы жылдың мамыр айында93 маманға ұсынылып, толығымен игерілген.
Жергілікті өнімнің бәсі жоғары
Мемлекеттік тапсырыс беру және сатып алуда жергілікті өнім өндірушілерге айқын басымдық берілуде. Бұл ұстаным кәсіпкерлерді қолдап, өндірісті өркендетіп, тұрақты жұмыс орындарын қалыптастырып, еңбекпен қамтылғандар санын арттырады.
2025 жылдың қаңтар-мамыр айына Қазалыда жасалған 3611,6 миллион теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда, нақты көлем индексі 102,1 пайызды құраған. Өндірілген өнім 2025 жылдың 5 айында 2230,6 тонна ет, 103,6 процент, 3663,4 тонна сүт, 100,2 процент, 391,7 мың дана жұмыртқа,103,5 процент, ірі тері 5154 дана 110,4 процентке жүзеге асқан.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің ақпаратына жүгінсек, 2025 жылдың 1 маусымынан бастап аудан бойынша мал басы 42396 бас мүйізді ірі қара, 63015 бас қой, 42671 бас ешкі, 55753 бас жылқы, 14648 бас түйе, 6639 бас бары анықталған.
2025 жылдың 6 айында агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің мал шаруашылығы саласын дамыту мақсатында аудан бойынша барлығы 170,0 миллион теңге субсидия берілген.
Жыл басынан бері мал шаруашылығы саласы бойынша мемлекеттік бағдарламалар аясында «Сырдария-1» КС арқылы 14 шаруашылық құрылымы мал сатып алуға 293,8 миллион теңге несие берген.
Ауыл шаруашылын дамыту арқылы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру – ел саясатының басым бағыты. Инвестициялық жобаларды іске асыру ауыл шаруашылығын дамыту, өндірісті ұлғайту, өнімдерінің сапасын жақсарту, жаңа жұмыс орындарын құрып, бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді. Себебі агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күш. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл – қазақстандық ұстаным.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА

28 маусым 2025 ж. 51 0

Ақ парақ пен ақпарат

28 маусым 2025 ж. 45

Тариф тағы көтерілмек

28 маусым 2025 ж. 45

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30