Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі шаруашылық басшыларымен кездесті

Облыс әкімі шаруашылық басшыларымен кездесті

Бүгін Сырдария ауданының Нағи Ілиясов ауылында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев егiс алқабын аралап, шаруа қожалықтарымен күрiш өсiру мәселелерiн талқылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев егісті күтіп-баптау және суару барысын баяндады. Биыл дақылдарды тұрақты суаруға 3,8 млрд. текше метр су лимиті белгіленді. Осыған сәйкес, 195,9 мың гектар жерге дақылдар егілді. Оның ішінде күріш көлемі 88,1 мың гектар, дәндi дақылдар 100,4 мың гектар, майлы дақылдар 5,3 мың гектар, мал азықтық дақылдар 70,4 мың гектар, картоп, көкөнiс, бақша 19,9 мың гектар. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы егіс көлемі 7,4 мың гектарға, күріш 9,5 мың гектарға, картоп, көкөніс, бақша 302 гектарға артық болса, майлы дақылдар 653 гектарға, мал азықтық дақылдар 916 гектарға кеміген.
Сонымен қатар, су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы 872,5 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде 577,5 гектар жерге тамшылатып, 295 гектарға жаңбырлатып суару әдістері қолданылған.
Аймақ басшысы егін маусымын ұтымды ұйымдастырып, өнімді шығынсыз жинауды тапсырды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
31 шілде 2023 ж. 316 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930