Кәсіпкерлік саласында серпіліс бар
Фото: ашық дереккөзден
Өңірде бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау, бизнес-климатты жақсарту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда, нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы көрсеткіштердің өсу динамикасы байқалуда.
Биылғы жылдың маусым айында 5292 шағын және орта кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Оның ішінде 310-ы заңды тұлға болса, 3932-сі жеке кәсіпкер. Ал 1050-і шаруа қожалығы болып табылады. Қазіргі таңда нақты қызмет көрсетіп тұрған шағын және орта кәсіп субьектілерінің саны 5139 бірлікті құрайды. Ал белсенділік көрсеткіші 97,1 пайыз.
Аудандық кәсіпкерлік бөлімі берген мәлімет бойынша жыл басынан бері "Бизнеске арналған үкімет" КММ-сі аудан кәсіпкерлеріне 800-ге жуық қызмет көрсетілген. Ауданнның өнеркәсіп өнімінде де айтарлықтай өсім бар. Бөлім басшысы Ғалымжан Зинадиновтың айтуынша, өнеркәсіп өнімі 13062 миллион теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 116,8 пайызды көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі де анағұрлым жақсарып келе жатқаны байқалады. Мұны біз бөлім мамандары берген мәліметтерден анық аңғара түстік. Нақтылай кетсек, жыл басынан бері 1146,0 миллион теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылдың сәйкесінще кезеңінде нақты көлем индексі 116,7-ды көрсеткен. Соңғы бес айда бөлшек сауда көлемі 5272,6 миллион теңгеге жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 102,9%-ды құрайды.
Былтырғы жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 47443 миллион теңгеге жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне 146,7%-ды құрады. Ал жұмыспен қамтылғандар саны 9370 бірлік, өткен жылдың тиісті кезеңіне 93,6%.
Ауданда жеке кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар мен жеңілдетілген несиелерге қол жеткізу жан-жақты көмек көрсетіліп отыр. сөзіміз сұйық болмас үшін айта кетейік. Аудан кәсіпкерлеріне сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржы ұйымдары тарапынан 147жобаға жалпы көлемі 3 365,9 миллилон теңге болатын несие қаражаты берілген.
Нақтылай кетейік, екінші деңгейлі банк арқылы 532,0 миллион теңгені құрайтын 13 жоба, Аграрлық несие корпорациясы арқылы 1927,7 миллион теңге болатын 15 жоба қаржылай қолдауға ие болған. КС «Сырдария-1» ЖШС арқылы 12 жоба 261,1 миллион теңге, «Байқоңыр» ӘКК арқылы құны 29 жоба 248,2 миллион теңге, өзге де қаржыландыру көздері 69 жоба 361,9 миллион теңге қаражат бөлінген.
Екінші деңгейлі банктің мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ШОК несиелері бойынша ішінара кепілдендіру бойынша құны 105,8 /46,8/ миллион теңге болатын 3 жоба қаржыға ие болды.
Сондай-ақ «Іскер», «Агробизнес», «Ауыл аманаты»бағдарламасы аясында ауданымызда құны 2 437,0 миллион теңгені құрайтын 64 жоба,«Ауыл аманаты» жобасы бойынша «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы құны 248,2 миллион 37 жоба қаржыландырылған.
Ауданымыздың тұрақты экономикалық даму көрсеткішін қамтамасыз ету және бәсекеге қабілетті өнімінің қажеттілігін қанағаттандыратын өнім шығару бүгінгі күннің басты талабы, осы тұрғыда ауданда атқарылып жатқан жұмыстармен қатар, үлкен міндеттер тұр. Әр жылдың атқарар ауқымды жүгі болады. Соның бірі – индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру. Биыл да бұл бағытта айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.
Индустрияландыру бағдарламасының І бесжылдығы аясында 2010-2011 жылдары 2 жоба іске қосылып, өнім шығарып тұр. Оның бірі – «Рза» АҚ-ның «660 басқа арналған ірі қара өсіру кешені және сүт өндеу зауыты» жобасы болса, ендігісі «СПК Қызылорда Балық» ЖШС-нің «Балық өңдеу зауытының құрылысын іске асыру» жобасы.
Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдаулары ел дамуының маңызды стратегиялары және қабылданатын іс шараларды орындау үшін бағыт-бағдары болып табылады. Осы бағытта, кәсіпкерлікті қолдау Картасы, өнеркәсіп саласын әртараптандырудың құралдарының бірі болса, жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыру мемлекеттік органдардың үлкен жауапкершілігі болып табылуда. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде бағдарламаның ІІІ бесжылдығы аясында 2 жоба облыстың кәсіпкерлігін қолдау картасына енгізілді. Атап айтсақ, «РЗА» АҚ-ның «1200 басқа арналған ірі қараны өсіру кешенінің және сүт өңдеузауытының ІІ кезеңін іске асыру» жобасы, Жеке кәсіпкер Т.Игликовтің «Балық қалдықтарынан балық ұнын өндіру» жобасы енгізілді. Мемлекеттік қолдау шарасы ретінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инженерлік инфрақұрылым (электр, газ, су желілері) жеткізу шешімі қабылданған.
Жалпы Индустрияландыру бағдарламасының үш бесжылдығы аясында (2010-2025ж.ж.) Картаға 4 жоба енгізілген, оның 3-еуі іске қосылып, 1-еуі кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
Былтыр инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу бойынша ақпараттық жүйе құрылғанын білеміз. Дәл осы цифрлық платформаға бірнеше жобалар енгізілді. Нақтыласақ, «Жанкент Агро» ЖШС-нің құны 501 миллион теңге құрайтын «Күріш өңдеу зауыты» жобасы енгізіліп, (қуаттылығы - жылына 5000 тонна, жұмыс орны – 10) 2024 жылдың ақпан айында іске қосылды. Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен жүзеге асырылған Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құны 0,5 миллиард теңге құрайтын «Тамшылатып суару әдісімен орман питомнигін ұйымдастыру» жобасы. Мердігер мекеме «Еңбек» ЖШС-і.Мердігер тарапынан тарапынан жобаның тиісті жұмыстары жүргізіліп, (Жобаның қуаттылығы – 33,5 га жерге сексеуіл көшетін дайындау;жұмыс орны – 12) қабылдау актісі 2024 жылдың қараша айында жасалды.
Қызмет көрсету деңгейін арттыру бағытында әр-түрлі жаңашыл технологияларды енгізу үшін ауданда да жүйелі жүзеге асырылып жатыр. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындда бүгінгі күнде аудан кәсіпкерлері өз істеріне енгізіп, жұмыстарын жүргізуде. Биыл Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында 2 жоба іске қосылады деп күтілуде. Оның бірі жеке кәсіпкер Е.Алданазаровтың құны 600,0 миллион теңгені құрайтын «Аквапарк және қоғамдық тамақтану орнын ашу» жобасы(29.05.2025ж.енгізілді) болса, екіншісі «Арал Рыбторг» ЖШС-ның құны 650,0 миллион болатын «Басықара ауылдық округінің оңтүстік бөлігінде тауарлық балық өсіру үшін тоған балық шаруашылығының құрылысы» жобасы (30.05.2025ж.енгізілді).
Сондай-ақ жеке кәсіпкер О.Медеубаеваның құны 600,0 миллион теңге құрайтын «Сауда үйінің құрылысы» жобасы(09.06.2025ж.енгізілді).
Ал ағымдағы жылы жүзеге асырылуға 1 миллиард 209 миллион теңгені құрайтын 13 жоба Өңірлік жобалар пулына ұсынылды (құны 589 млн. теңгеден төмен). Жобалар аясында қосымша 24 жұмыс орны құрылады деп жоспарланған.
Қазіргі таңда 260 миллион теңгені құрайтын 4 жоба, атап айтқанда Нұрбек Қазбергеновтің рафинадталған қант өндірісі, Мұхтар Аязбаевтың балық өндірісі, Айгүл Палуашова мен Гүлмира Бөлекбай кәсіпкерлік нысаны іске қосылып, қабылдау актісі алынған. Ал қалған құны 949,7 миллион теңге болатын 9 жоба жыл аяғына дейін іске қосылмақ. Олар А.Сагидуллаевтың «Кәсіпкерлік ғимараты» жобасы, құны 100,0 миллион теңге, Р.Булебаевтың «Кәсіпкерлік ғимараты» жобасы, құны 50,0 миллион теңге, «Арал» «Кондитерлік өнімдерді шығару цехы» жобасы, құны 50,0 миилион теңге, «Сәт» Ш.Наурызбаевтың «Қонақ үй құрылысы» жобасы, құны 200,0 миллион теңге. Р.Қожағұлдың «Қонақ үй құрылысы» жобасы, құны 60,0 милион теңге. "Zhebe" А.Бақытбектің «Қонақ үй құрылысы» жобасы, құны 200,0 миллион теңге, М.Сағымбаевтың «Кондитер және жартылай фабрикат өндірісі» жобасы, құны 150,0 миллион теңге, Қ.Тәжімұратовтың «Кәсіпкерлік ғимараты» жобасы, құны 70,0 миллион теңге. Ж.Досмұқасанның «Қоқыс сұрыптау кешенін орнату» жобасы, құны 69,7 миллион теңге. Жобаны «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы қаржыландыру көзделуде.Өткен жылдың 15-наурызында 1 гектар жер учаскесі 20 жылға берілген. 2024 жылдың 21-ші мамырында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на өтінім жолданған. Жоба І кезеңнен өткізілді. Аталған жобаның 2-ші кезеңі бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-на тиісті құжаттар биылғы жылдың 23 сәуірінде тапсырылып, қазіргі таңда құжаттары қаралымда.
«Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесі халықтың әлеуметтік осал топтарының адамдарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін және халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтерді көрсетуді Қағидаларда айқындалған 4 (төрт) санат бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі. Осы орайда аудан бойынша «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін алу жөнінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Ақпараттандыру нәтижесінде 2023 жылы мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санат «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталық» ЖШС-гіне, 2024 жылы мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санат, «Ханшайым -1 бөбекжай-балабақшасы» ЖШС-гіне, мал шаруашылығы саласы бойынша 1-ші санат Құмжиек ауылдық округінен «Кузенбаева Зинегул» жеке кәсіпкерлігіне, мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санат «Гауһар Тас - 2» балабақшасы» ЖШС-гіне, сондай-ақ стоматологиялық қызмет бойынша 3-ші санат «Азиза «Дента» стоматологиялық кабинеті» ЖШС-гіне берілді. Аудан бойынша әлеуметтік кәсіпкерлік тізіміне енгізілген барлығы 5 субъекті.
Қазалы ауданындағы географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын алу бағытында өтініш білдірген тауар өндірушілердің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК жұмыстары мен қызметтерінің бағасына сәйкес «Қазалы» сабынына және «Қазалы» конфетіне географиялық нұсқамаларды тіркеу және пайдалану құқығына шешім қабылданып, нәтижесінде «Қазалы» сабынына және «Қазалы» конфетіне географиялық нұсқаманы тіркеу жәнегеографиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы куәліктері 2024 жылдың 16 тамызында берілді.
Аудан мемлекеттік бағдарламалардың толық жүзеге асып, шағын және орта бизнестің өркендеуіне күш салып келеді. Жыл сайын кәсіпкерлік нысандарының саны артып, жұмыс орындары көптеп ашылуда. Бизнесті қолдау мен дамытудың осындай шаралары нәтижесінде биыл ауданда 38 адамды жұмыспен қамтитын 20 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілді.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ