Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Шағын және орта кәсіпкерлік – аудан экономикасының негізін құраушы»

«Шағын және орта кәсіпкерлік – аудан экономикасының негізін құраушы»

Кәсіпкерлік – даму драйверін көрсететін экономикалық әрекет. Нарықтық экономи­каның барлық институттарына енген қызметтің бұл түрі соңғы жылдары Қазалы ауданында кеңінен қанат жайып келеді. Аймақ абыройын арттырып, төл брендтердің қалыптасуына үлес қосып, табиғи таза өнімді тұрғындардың тұтынуы, жергілікті халықты жұмыспен қамту, тиімді бағада өнімдер ұсынумен айналысатын кәсіпкерлік көші көлікті. Орта және шағын бизнестің өрістеуіне де дұрыс бағыт беру, мемлекет тарапынан қолдау, қаржылық сауаттандыруда Қазалы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің үлесі зор. Аудандағы бүгінгі беталыс, болашақтағы болжам туралы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақовтан сұрап-білдік.

476 миллион теңге салық түсірген
– Ақтілеу Талайлыұлы, алдымен өзіңіз тізгінін ұстап отырған бөлімнің атқаратын негізгі қызметіне тоқталсақ...
– Өздеріңізге белгілі, Қазалы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі қызметі өндірісті, өнеркәсіпті, шағын бизнесті қолдау мен инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстарға негізделген. Шағын және орта кәсіпкерлік – аудан экономикасының негізін құраушы.
Жыл санап ауданның әлеуметтік-экономи­калық қарқыны дамып келеді. Биылғы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, едәуір артуы – соның айғағы.
– Сандарды сөйлетсек...
– Қазалы ауданы бойынша 2024 жылдың 10 айына шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар туралы ауыз толтырып айтуға болады.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 16 513 миллион теңгені құраған. Өткен жылдың тиісті кезеңіне 175,5 процентті көрсетсе, жұмыспен қамтылғандар саны 9447 бірлік.
2024 жылдың 1 қарашасына тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 5692.
Олардың 312-сі заңды тұлға болса, 4045 жеке кәсіпкер бар. Ал 1335-і шаруа қожалығы.
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 5517 бірлік. Өткен жылмен салыстырғанда 89,4 процентті көрсетуде. Белсенділік көрсеткіші – 96,9 процент.
2024 жылдың 1 қарашасында аталмыш субъектілер 476,0 миллион теңге көлемінде салық түсірген.
«Бизнеске арналған үкімет» КММ-сі арқылы аудан кәсіпкерлеріне 2024 жылдың 9 айында 1348 қызмет көрсетілген.

Өнім шығарылымы – 16 513 миллион теңге
– «Қазір алып-сату ісі бизнесінің уақыты өтті» дейді сарапшылар пікірі. Біздегі өнеркәсіп өндірісінің өресі қандай?
– Өнеркәсіп саласында да өрістеу бар. Жылдың он айында 20798 миллион теңгені көрсеткен. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі 103,0 процентті құраған.
Бөлшек сауда үлесі – 9673,5 миллион теңге.
2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 16 513 миллион теңге жеткен.
Жыл ішінде кәсіпкерлік саласынан жұмыс тапқандар саны 9 447.

Талпынғанға табыс көп
–Тәжірибесіз тәуекелге бару, тер төгу – ақымақтық дейді сала эскперттері. «Бизнесті дамытуда қандай факторлар кедергі?» деген сауалға көпшілік қаржылық қолбайлау туралы айтады. Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қай деңгейде?
– «Қаржы қолбайлау» деген сыңаржақ түсінік. Талпынғанға, табыс көп. Ол тәуекел ете алмаған не жолын білмейтін, ізденбеген адамның ұғымы. Жыл санап елімізде түрлі кәсіпкерлікті қолдауға арналған тиімді жобалар жүзеге асырылуда. Оның игілігін аудандағылар да көріп отыр.
Аудан кәсіпкерлеріне сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да қаржыландыру көздері арқылы 460 жобаға жалпы көлемі 5,6 миллиард теңге болатын несие және грант қаражаты берілген.

Қуатты қарқынға қолдау көп
– Мемлекет маңыз беріп отырған бағдар – Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулының аясында жүзеге асқан жұмыстар туралы білсек...
– 2023 жылы Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында іске қосылуы жоспарланған жобалар тізіміне Қазалы ауданынан «Жанкент Агро» ЖШС-нің құны 501 миллион теңгелік, жылына 5000 тонна өнім өндіруге қуатты «Күріш өңдеу зауыты» жобасы енгізілді. 2024 жылдың ақпан айынан бастап жұмысын бастады.
2024 жылы Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен қолға алынған тағы бір жоба бар. Ол орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құны 518,5 миллион теңгені құрайтын «Тамшылатып суару әдісімен орман питомнигін ұйымдастыру» жобасы. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Еңбек» ЖШС тарапынан жобаның тиісті жұмыстарын жүргізуде. 33,5 гектар жерге сексеуіл көшетін дайындауға қауқарлы жоба ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосылады деп күтілуде.

Үлкен мүмкіндік
– Кәсіпкерлерге жасалып отырған жағымды жағдайдың бірі – бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне тоқталсаңыз.
– 2023 жылы Салық кодексінің 696-3 бабы, 5-тармағын негізге ала отырып, Қазалы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы №52 шешімімен, бөлшек салық мөлшерлеме 50 процентке төмендетілді. Бұл үлкен мүмкіндік.
Арнаулы салық режиміне ауыстыру туралы аудан кәсіпкерлерін ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілер арқылы жарияланымдар жариялануда. 2024 жылдың 1 қарашасына ауданда мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын 186 субъекті тіркелген.

Ерекше жандар да ескерусіз емес
– Әлеуметтік субъектілер туралы түсініндіріп өтсеңіз...
– «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесі халықтың әлеуметтік осал топтарының адамдарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін және халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтарына арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтерді көрсетуді Қағидаларда айқындалған 4 санат бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
Осы орайда, аудан бойынша «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін алу жөнінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Осы ақпараттандыру нәтижесінде, ауданнан әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне 2023 жылы «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталық» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санатпен енгізілді.
2024 жылы «Ханшайым-1 бөбекжай-балабақшасы» ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрінің бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санатпен тізілімге тіркелсе, ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 17 шілдедегі бұйрығымен бекітілген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидасына сәйкес, ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде өткізілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосуға бірінші санатпен тағы да 3 субъекті тұжырымдалды. Қазалы ауданы бойынша барлығы 5 субъекті әлеуметтік кәсіпкерлік тізіміне енгізілген. Олар Құмжиек ауылдық округіндегі «Кузенбаева Зинегул» жеке кәсіпкерлігі, Әйтеке би кентінен «Гауһар Тас-2» балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Азиза «Дента» стоматологиялық кабинеті» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Қазалының сабыны мен конфеті – таңдаулы
– Өңірде өндірілетін өнімдердің Ұлттық брендін қалыптастыру жайы қалай жүзеге асуда?
– Қазалы ауданындағы географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын алу бағытында өтініш білдірген тауар өндірушілердің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК жұмыстары мен қызметтерінің бағасына сәйкес «Қазалы» сабынына және «Қазалы» конфетіне географиялық нұсқамаларды тіркеу және пайдалану құқығына шешім қабылданды.
«Қазалы» сабыны және «Қазалы» конфетіне географиялық нұсқаманы тіркеу және географиялық нұсқаманы пайдалану құқығын беру туралы куәліктері ағымдағы жылдың 16 тамызында берілді.
Сондай-ақ жыл ішінде 83 адамды жұмыспен қамтитын 22 кәсіпкерлік нысанның пайдалануға берілуі кәсіп­керліктің бүгінгі көрінісі.
– Жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

Сұхбаттасқан
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
12 қараша 2024 ж. 61 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 48

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930