Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ақтілеу БӨРІҚҰЛАҚОВ: Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

Ақтілеу БӨРІҚҰЛАҚОВ: Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келеді

Шағын және орта бизнес – нарықтық экономиканың маңызды бөлігі әрі мемлекеттің ары қарайғы дамуын анықтайтын орны бөлек әлеует. Кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасау экономиканы әртараптандыруға, өндірілетін тауарлар тізбегін толықтырып, жаңа жұмыс орындарын құруға, өмір сүру сапасын жоғарылатып, орта таптың үлесін арттыруға көмектеседі. Айта берсе, шағын және орта бизнестің мемлекеттің тұрақтылығына қосар үлесі көп. Қазалы ауданында кәсіпкерліктің осы және өзге де саласында қарқынды даму бар. Тіпті осындағы бизнесмендер аудан беделін арттырар брендтерді де шығарып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Несібе-берекеге кенелтер салада Қазалының басқа да жетістігі мен атқарылған жұмыстары һәм жағымды жаңалықтары жайында ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Ақтілеу Бөріқұлақовпен сұхбат құрған едік.
– Ақтілеу Талайұлы, Қазалы ауданының кәсіпкерлігі кеңейіп, күн санап дамып, кәсіпке бейім жандар саны артып келеді. Бұл қуантарлық жаңалық, әйсте де бірақ белсенділік деңгейі қалай?
– Иә, бүгінде Қазалы облыстың экономикалық қуатты аудандарының біріне айналды. Тіпті ауданымыздың беделін арттырған брендтерде бар. Кәсіпкерлердің үздіксіз жұмыс істеп тұруы, ісін әрі қарай дөңгелетуі сала тарапынан басты назарда. Біздегі мәліметке сәйкес, 2024 жылдың 1 шілдесіне тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 5 734 бірлікті құрады. Нақтырақ айтсақ, қызу тіршілігі қайнаған Қазалыда – 303 заңды тұлға мен 4108 жеке кәсіпкер және 1323 шаруа қожалығы бар.
Нақты жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны – 5543 бірлік. Ал дәл осы сәтте нәтижелі және белсенді жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер көрсеткіші жоғары, 96,7 процентті құрайтынын қуанышпен жеткіземін.
– Экономиканы ілгерілетуде өнеркәсіптің маңызы зор екені белгілі. Жалпы ауданда өнеркәсіптің жайы қалай?
– Ауданда өнеркәсіп жайы жақсы деп айтуға болады. Кәсіпкерлікті осы бір бағытында еңбек етіп жатқан жандардың көрсеткіші иә, көз қуантады. Дәлірек айтсақ, биыл өнеркәсіп өнімі – 13 775 миллион теңге болды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің индексі – 108,0%-ті құрады.Ал өңдеу өнеркәсібінде – 12325миллионтеңгенің өнімі өндірілсе, нақты көлемінің индексі 107,6%-ке жетіп отыр.
Бөлшек сауда көлеміне тоқталсақ, 5917,5 миллионтеңге болып, көлемінің индексі 103,1 %-ті құрады.Жалпы 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымы 8538 миллион теңге, өткен жылдың тиісті кезеңіне 193,1%-ды құраса, жұмыспен қамтылғандар саны – 5609-ға жетті.
– Кәсіп бастаған азаматтар мен бұрыннан айналысып келе жатқандарға қаржылай қолдау жұмыстары күн тәртібінен түспейтінін білеміз. Осы күнге дейін ауданда мемлекет қолдауын қанша кәсіпкер сезінді?
– Бүгінгі таңда нөлден бастап, кәсібін дөңгелетіп кеткен азаматтар баршылық. Бірақ көбіне өз күшімен кәсіп бастау екінің бірінің қолынан келе бермейтіні жасырын емес. Соған сай стартап жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру мақсатында аудан кәсіпкерлеріне сауда айналымын және өндіріс түрлерін ашу мен дамыту үшін қаржы ұйымдары тарапынан 240 жобаға жалпы көлемі 2 788,8 миллион теңге несие және грант қаражаты берілген.
Шағын және орта бизнесті субсидиялауда ойдағыдай жүруде. Екінші деңгейлі банкпен мемлекеттік бағдарлама шеңберінде қаржыландырылған – алпыс жобаға құны 1195,3 миллион теңге қарастырылды.Шағын және орта бизнес несиелері бойынша ішінара кепілдендіруде – он бес жоба болса, оның құны 296,6 миллион теңге болып отыр.
Басқа да, «Іскер», «Агробизнес» бағдарламасы аясында ауданда құны 1 097,1 миллион теңгені құрайтын жиырма жоба қаржыландырылды.
Ал гранттық қаржыландыруға келер болсақ, 400 айлық есептік көрсеткіш бойынша жетпіс үш үміткерге – 107,8 миллион теңге берілді.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламадан тыс, яғни екінші деңгейлі банктің ішкі бағдарламасы бойынша сексен жеті кәсіпкер құны 388,7 миллион теңге болатын несие қаражатына қол жеткізген.
2023 жылы Жалпыұлттық бірыңғай жобалар пулы аясында іске қосылуға жоспарланған жобалар тізіміне Қазалы ауданынан «Жанкент Агро» ЖШС құны 501 миллион теңге «Күріш өңдеу зауыты» жобасы енгізіліп, 10 2024 жылдың ақпан айында іске қосылды.
Биыл Дүниежүзілік банк қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің құны 518,5 миллион теңге құрайтын «Тамшылатып суару әдісімен орман питомнигін ұйымдастыру» жобасы енгізілді. Қазіргі таңда мердігер мекеме «Еңбек» ЖШС тарапынан жобаның тиісті жұмыстарын жүргізуде. Жоба ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылады деп күтілуде. Әзірге нәтиже жоғарыда сөйлеген сандардай жақсы көрсеткішті байқатып отыр.
– Шағын және орта бизнес субъектілеріне салық жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету және салықтар мен бюджетке төлемдерді төлеу тәртібін оңтайландыру үшін бөлшек салықтың арнаулы салық режимі қолданылатынын білеміз. Бұл ауданда қалай жүзеге асып жатыр?
– 2023 жылы Салық кодексінің 696-3 бабы, 5-тармағын негізге ала отырып, Қазалы ауданы мәслихатының 2023 жылғы 30 маусымдағы №52 шешімімен бөлшек салық мөлшерлемесін 50 процентке, яғни 4%-тен 2%-ке дейін төмендетілді.
Арнаулы салық режиміне ауыстыру туралы аудан кәсіпкерлерін ақпараттандыру үшін әлеуметтік желілер арқылы посттар жариялануда.
2024 жылдың 1-шілдесіне ауданда мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметі бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын тоқсан субъекті тіркелген.
– Бала-шағасын асырап, нәпақасын кәсіптен айырғысы келген ерекше жандардың жайы қалай?
– Жалпы «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесі халықтың әлеуметтік осал топтарының адамдарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін және осы топқа жататын азаматтарға арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтерді көрсету қағидада айтылған төрт санат бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне беріледі.
Осы орайда, аудан бойынша «Әлеуметтік кәсіпкерлік» мәртебесін алу жөнінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне ақпараттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.
Ақпараттандыру нәтижесінде ауданнан әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне 2023 жылы «Рауан» мектепке дейінгі шағын орталық ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.10.2023 жылғы №219 бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санатпен тізімге енді. Сонымен қатарбиыл «ХАНШАЙЫМ-1» бөбекжай-балабақшасы ЖШС ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.04.2024 жылғы №99 бұйрығымен мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша 1-ші санатпен тізілімге енгізілді.
Алдағы уақытта кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында бұдан да ауқымды жобаларды жүзеге асыратын боламыз.
– Сұхбатыңыз үшін рақмет, жұмыс­тарыңыз жемісті болғай!

Әңгімелескен
Серік АҚМЫРЗА

20 шілде 2024 ж. 348 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031