Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көшеде итпен серуендетуге тыйым салынды

Көшеде итпен серуендетуге тыйым салынды

Фото: pixabay.com
Иран билігі Ислам Республикасының бірқатар ірі қаласында итпен серуендетуге толықтай тыйым салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Енді үй жануарларын қоғамдық орындарда серуендетуге алып шыққан азаматтар айыппұл төлейтін болады.
Үй жануарларымен көше бойымен, тарихи-мәдени нысандар аумағында, саябақтарда, базарларда және сауда орындарында жүруге тыйым салынған.
Сондай-ақ жануарларды қоғамдық көлікте тасымалдауға болмайды. Иттерді көлікпен ашық күйде алып жүру де тыйымға ілікті.
Кейбір ислам дінбасыларының айтуынша, үй жануарларын асырау — «батыстық өмір салтының» белгісі.
Бұл шара адамдар мен жануарлар арасында таралуы мүмкін аурулардың алдын алу және халық денсаулығын сақтау мақсатында енгізілгені хабарланды.
Айта кетейік, бұған дейін жоғалған екі жасар бүлдіршінді табуға овчарка тұқымды ит көмектескені туралы жазғанбыз. Сонымен қатар жасанды интеллект арқылы жануарлармен тілдесуге болатыны туралы да еске салайық. 
12 маусым 2025 ж. 309 0

Бағыты оң бағдарлама

25 сәуір 2026 ж. 26

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930