Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үй жануарларын серуендету мен ұстаудың ережелеріне өзгерістер енгізілді

Үй жануарларын серуендету мен ұстаудың ережелеріне өзгерістер енгізілді

Қазақстанда үй жануарларын серуендету мен ұстаудың ережелеріне өзгерістер енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 262 тиісті бұйрығы шықты, деп жазады inbusiness.kz
Қағидалар "үй жануарларының (иттердің) еркін жүруі" деген терминмен толықты. Құжатта бұл жануардың тұмылдырықсыз және қарғыбаусыз ұстау иесінің қатысуымен үй-жайынан немесе аумағынан тыс жерде арнайы бөлінген аумақтарда, иттерді серуендетуге арналған алаңда немесе жануардың табиғи дене және физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үйрету алаңында болуы деп көрсетілген.
"Үй жануарының иесі және жауапты адамы, адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіруге, айналадағыларға зиян келтіруге жол бермейтін жағдайларды қамтамасыз етеді", - деп жазылған құжатта.
Бұдан бөлек үлгілік қағидалар "8-1. Үй жануарларының иесі немесе жауапты адамы осы аумаққа кіреберісте жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарының бар екендігі туралы ескерту жазбаны жүзеге асырады" деген тармақпен толықтырылды.
Құжатқа сәйкес, қонақүйге әкімшілікпен келісім бойынша иесіне итпен немесе мысықпен қоныстануға рұқсат етілетін болады.
Сонымен қатар енді жануардан бас тарту оған басқа адам меншік құқығын иленгенге дейін иесінің үй жануарына қатысты міндеттерін тоқтатуға әкеп соқпайтыны да жазылған.
Жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануары жануардың иесіне және (немесе) жауапты адамға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі қоршалған аумақта болатын жағдайларды қоспағанда, серуендету орнына қарамастан, жануар иесінің ерекше жауапкершілігін талап ететін үй жануарларын тұмылдырықсыз және 1,5 (бір жарым) метрден асатын қарғыбаусыз серуендетуге рұқсат етілмейді.
"Үй жануарларын серуендету кезінде иелері мен жауапты адамдар мынадай талаптарды сақтайды (ерекше жауапкершілікті талап ететін үй жануарларын қоспағанда):
ит қоғамдық орындарда 2 (екі) метрден аспайтын қарғыбауда болуы керек;
тұмылдырық итке оны тасымалдау кезінде, адамдар көп жиналатын жерде, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар, мекемелер белгілеген
орындарда кигізіледі;
магистральдар маңындағы көшелер арқылы өту кезінде жол-көлік оқиғаларын және жолдың жүріс бөлігінде оның өлуін болдырмау үшін үй жануарлары 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауға алынады;
иесі итті иесінің осы ғимараттың ішінде болған уақытына ғимараттың жанында ерікті түрде шешілуін болдырмайтын байламда және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбаумен тұмылдырықта қалдыра алады;
иттерді серуендетуге тыйым салынған жерлерде ит иесі немесе жауапты адам айналасындағыларға қауіп төндірмей, тұмылдырықпен және 1,5 (бір жарым) метрден аспайтын қысқа қарғыбауда итпен аумақты кесіп өтуіне болады;
иттерді еркін серуендетуге арнайы бөлінген аумақтарда, алаңда иттерді еркін серуендетуге жол беріледі", - делінген бұйрықта.
Бұйрық 7 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
27 қыркүйек 2023 ж. 169 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930