Ішкі істер министрлігі Қазақстанда тонировкаға рұқсат беру туралы ұсынысқа жауап берді

"Республика" фракциясының депутаттары Қазақстанда тонировкаға ұзақ жылдар бойы салынған тыйымды алып тастауды ұсынды. Ұсынысқа Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жақында депутаттар алдыңғы бүйір әйнектерді кемінде 70% жарық өткізетін ақылы тонировканы заңдастыруды ұсынған еді. Олардың бағалауы бойынша, бұл бюджетке жыл сайын 50 миллиард теңгеден астам кіріс түсіруге көмектеседі. Ал ішкі істер минстрлігі бұл бастамаға күмәнмен қарап отыр. Министрлік өкілдерінің айтуынша, көліктің алдыңғы бүйір әйнектерін қараңғылуға рұқсат беру жолдағы құқық бұзушылықтар санын арттырады. Мәселен, қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланатын жүргізушілер жазадан құтылуы мүмкін дейді.
Жақында депутаттар алдыңғы бүйір әйнектерді кемінде 70% жарық өткізетін ақылы тонировканы заңдастыруды ұсынған еді. Олардың бағалауы бойынша, бұл бюджетке жыл сайын 50 миллиард теңгеден астам кіріс түсіруге көмектеседі. Ал ішкі істер минстрлігі бұл бастамаға күмәнмен қарап отыр. Министрлік өкілдерінің айтуынша, көліктің алдыңғы бүйір әйнектерін қараңғылуға рұқсат беру жолдағы құқық бұзушылықтар санын арттырады. Мәселен, қауіпсіздік белдігін тақпаған немесе көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланатын жүргізушілер жазадан құтылуы мүмкін дейді.
"Қазір ішкі істер министрлігі жол ережелерін бұзғандарды автоматты түрде тіркейтін жаңа камера түрлерін сынақтан өткізіп жатыр. Бұл камералар қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы мен жүргізушіні, рөлде отырып телефон пайдаланған адамды анықтай алады. Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, қауіпсіздік белдігін тағу жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алу қаупін 75 пайызға, ал көлік аударылған жағдайда 91 пайызға дейін азайтады. Ал рөлде телефон қолдану апатқа ұшырау қаупін 3–4 есе арттырады", – делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, әйнектерді қараңғылауға рұқсат беру құқық бұзушылықтарды анықтауды қиындатып қана қоймай, көлік қатысқан қылмыстық істерді тергеуді де күрделендіреді.
“Белгілі бір мөлшердегі жарық өткізу нормаларын (70%, 80% және т.б.) сақтау қажет болған жағдайда, министрлік тарапынан арнайы сертификатталған құрылғылар, жарық өткізу деңгейін өлшейтін тауметрлер сатып алынуы тиіс. Бұл тыйымды алып тастау көліктерді жаппай қараңғылауға және әйнек күңгірттігінің шекті мөлшерінен асқандарды жауапкершілікке тартуға кедергі жасауы мүмкін", – делінген хабарламада.
Бұл тақырыпқа келгенде сарапшылардың пікірі екіге бөлінді.
Автосарапшы Алексей Алексеевтің айтуынша, Қазақстанның оңтүстігіндегі — Алматы, Шымкент, Тараз сияқты қалаларда жазда температура 40 градусқа дейін жетеді. Ондай жағдайда көлікте күніне 10–12 сағат жүретін жүргізушілер, күнге күйіп, ұзын жеңді киім киюге мәжбүр болады. Бұл – тек жайсыздық емес, тері ауруларының даму қаупін арттырады.
“Бұдан бөлек, ақылы тонировка енгізу бюджетке қосымша кіріс әкеледі. Мұндай тәжірибе Қырғызстанда бар. Онда бір жыл ішінде көліктердің алдыңғы әйнектерін қараңғылату есебінен мемлекеттік бюджетке шамамен 3,9 миллиард теңге түскен. Алайда бұл ұсыныстың кемшіліктері де бар”, – дейді сарапшы.
Сарапшының айтуынша, Қазақстанда тонировкаға тыйым салудың басты себебі – қауіпсіздік.
“Көліктің салоны нашар көрінсе полиция ондағы жағдайды бағалай алмайды. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлері мен басқа да жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіп төндіреді”, – дейді Алексеев.
Қазақстанда көліктердің алдыңғы әйнегін қараңғылауға 2010 жылы тыйым салынған еді.
Айта кетейік, бұған дейін "Республика" партиясының депутаты Олжас Құспеков премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге сауал жолдап, алдыңғы бүйір әйнектерді кемінде 70% жарық өткізетін ақылы тонировканы заңдастыруды ұсынған еді.