Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдумда өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – ІІМ

Референдумда өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ – ІІМ

Фото: Александр Павский/ Kazinform
Ішкі істер министрлігі республикалық референдум кезінде құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жалғастыруда.
«Бүгінде 33 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тәулік бойы қызмет атқаруда. Елдегі қоғамдық ахуал тұрақты, қандай да бір өрескел заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Полицияның жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камераларын пайдалана отырып, көшелер мен дауыс беру учаскелерін бақылау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Дауыс беру учаскелеріндегі оқиғаларға уақтылы ден қою үшін әрбір ауданда мобильдік жедел топтар құрылды», - деді министрліктің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
ІІМ өкілінің айтуынша, азаматтар мен дауыс беру комиссияларының кез келген өтініш, шағымдарына ішкі істер органдары жедел ден қойып, тиісті шаралар қабылдап жатыр.
«Құрметті азаматтар, Ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауды сұрайды. Қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда Ішкі істер министрлігінің кезекші бөлімдеріне немесе «102» желісіне хабарласуы қажет. Егер құқық бұзушылық тікелей дауыс беру учаскесінде болса, сіз полиция қызметкеріне немесе комиссия төрағасына жүгіне аласыздар», - дейді ол.
Бұған дейін Бас прокуратура өкілі референдумда екі заң бұзу фактісі тіркелгенін мәлімдеген еді.
06 қазан 2024 ж. 102 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.
Атамның әңгімесі

Атамның әңгімесі

03 мамыр 2024 ж.
Кіндік шешеңіз кім?

Кіндік шешеңіз кім?

12 наурыз 2024 ж.
Көнеден қалған мұра

Көнеден қалған мұра

20 ақпан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930