Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр

Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр

Жаңа норма әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілуі ықтимал, төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы мәселе талқыланып жатқанын айтты. Қазақстанда тас жолдардың жабылғанына қарамастан жолға шығатын жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі жаңа норма енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мұндай мәселе талқыланып жатыр. Естеріңізде болса, Владимир Божко (мәжіліс вице-спикері - Sputnik) төтенше жағдай министрі болған кезде, ауа райының қолайсыздығына байланысты трасса жабылғанына қарамастан жолға шыққан жүргізушілерді жауапқа тартуды ұсынған болатын. Қазір бұл мәселе де талқыланып жатыр", - деді ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер үкіметте БАҚ өкілдеріне.
Беккердің сөзінше, жаңа норманы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізу ұсынылып отыр.
Қазақстан автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс тоқтатылады. Жолда қалған жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласып, көмек сұрай алады.
Бұған дейін Беккер солтүстік облыстарда жағдай әлі де күрделі екенін, кей өңірлерде төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін айтты.

04 ақпан 2020 ж. 1 055 0

Тағзым мен тағылым

20 мамыр 2025 ж. 315

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031