Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шегіртке шепті бұза ма?

Шегіртке шепті бұза ма?


Көршілес Арал ауданының бірнеше елді мекенінде шегіртке зиянкестері пайда болды. Қазалының сол мекендерге көршілес жатқан Шәкен, Құмжиек, Майлыбас сынды бірқатар ауылдарында үйірлі және саяқ шегірткелерге қарсы белсенді күрес жұмыстары жүргізілуде.

Мұндай жәндіктер шабуылының егістіктер мен онда өскен астық және басқа дақылдар үшін қанша қатерлі екенін еліміз осыдан біраз жыл бұрын жақсы сезінген болатын. Бір мезетте алқапты түгел «қопарып» кететін шегірткенің зияны айтпаса да белгілі. Жалпы Қазақстанда шегіртке тектес зиянкестердің 270-тен аса түрі мекен етеді. Алайда осылардың ішінде тек 10-15 түрі ғана астық пен техникалық дақылдардың, көкөніс, бау-бақша егістерінің, мал жайылымдарының және шабындық жерлердің зиянкестері. Шегірткелер үйірлі және саяқ тектестерге бөлінеді. Соның ішінде үйірлі шегірткелер қауіпті зиянкес ретінде бағаланады. Жақында аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет тиісті мамандармен бірге Шәкен, Шилі елді мекендері мен Басықара ауылындағы шаруа қожалықтарының жеріне барып, зиянкестер анықталған аймақтарды аралады. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын көріп, тиісті сала мамандарына елді мекендер аумағы зиянкестерден толық тазарғанша фитосанитариялық іс-шаралардың жүйелі жүргізілуін тапсырды.
Қазіргі таңда ауданда зиянкестердің италиялық прус түріне 414 гектар жер анықталып, оның 322 гектар алқабына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Саяқ шегіртке түріне 252 гектар жер анықталып, оның 120 гектар алқабына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Шегірткеге қарсы күрес шараларына арнайы техникалар жұмылдырылып, мониторинг жұмыстарына мамандар тартылған. Сонымен қатар, жоспарланған аумақтың барлығы бойынша мердігер «Защита растений-К» ЖШС-мен келісімшарттар жасалып, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Аудан көлемінде шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шаралардың өз деңгейінде жүргізілуі жұмыстары аудан әкімдігінің күнделікті бақылауында болмақ.
Айта кеткен жөн, бұл мәселемен күрес ел, аймақ бойынша да ширай түсті. Мәселен, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен жауапты сала басшылары қатысты. Онда Ақтөбе және Қызылорда облыстарының шегірткеге қарсы күрес жүргізу барысы талқыланды.
Былтырғы зерттеу жұмыстары нәтижесімен облыс бойынша 115 418 гектарға фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу жоспарланған. Оның ішінде италиялық прусқа қарсы 24 702 гектарды, азиялық шегірткеге қарсы 35 322 гектарды, саяқ шегірткеге қарсы 55 394 гектарды қамту межеленген. Ерекше қауіпті шегірткеге қарсы өңделуі тиіс 60 024 гектардың 33 476 гектары аса жеңіл ұшақпен, 15 434 гектары ұшақпен, 7 152 гектары жер агрегатымен, 3 962 гектары дронмен республикалық бюджет есебінен атқарылуда. Ел аумағында рұқсат етілген «Ацет» және «Карат Супер 100» инсектицидтері қолданылуда.
Осы жерден (2 бетке)

Италиялық прусқа қарсы 448,3 мың гектар жер зерттеліп, экономикалық зиянды шегінен асқан 19 мың гектардың 12,2 мың гектары өңделген. Ал азиялық шегірткеге қарсы 58,8 мың гектар зерттеліп, 3,2 мың гектар залалданғаны белгілі болды. Экономикалық зиянды шегінен асқаны – 2,5 мың гектар, өңделгені – 1,0 мың гектар. Арал ауданында италиялық прусқа қарсы 124,6 мың гектар жерге мониторинг жүргізіліп, экономикалық зиянды шегінен асқан 11,0 мың гектарына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліпті. Саяқ шегірткеге қарсы күреске 12 арнайы жер агрегатын және 3 әуе ұшағын қатыстыру жоспарланып, барлығы облысқа жеткізілген. Химиялық өңдеу жұмыстары 6 арнайы жер агрегаты және 1 ұшақпен атқарылуда. Алдағы уақытта зиянды және ерекше қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар мерзімінде, сапалы және өз деңгейінде жүргізілмек.
Жалпы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарына облыста 4 арнайы жер агрегаты, 2 аса жеңіл ұшақ және 1 ұшақ қатыстыру бекітілген. Бүгінде 14 арнайы жер агрегаты, 4 ұшақ, 2 аса жеңіл ұшақ, 5 дрон және 45 ранс аппараты іске қосылған. Бұдан басқа, аудандар мен қалада «2025 жылы Қызылорда облысында шегіртке зиянкестерімен күрес шараларының іс-жоспары» жасалған. Жол картасына сәйкес, маусымдық кезеңде шегіртке зиянкестерімен күрес шараларын ұйымдастыру-үйлестіруге 4 жұмысшы топ жұмылдырылған. Өңдеу жүргізілетін әр ауылдық округтен техникалар, зерттеушілер мен жауапты мамандар бекітілді. Жалпы үйірлі шегірткеге қарсы күреске 324 адам қатыстыру жоспарланған. Жергілікті бюджет есебінен маусымдық жұмысқа 230 зерттеуші маман тартылады.
Біле жүрген жөн, шегіртке көбіне адам баласы мекендемейтін, техника бара алмайтын, мал көп жайылмайтын тың жерлерге, жайылымдарға, биік төбелерге, өсімдік тамырларының арасына өздерінен бөлініп шығатын сұйық затпен топырақты қатайтып, күбірше жасап, оған жұмыртқа салады. Ол күбірше шегіртке тұқымының қыстап, көктем шыға дамуына қолайлы. Қатты ыстықты және құрғақшылық жылдары шегірткенің топырақ бетіне салған жұмыртқалары кеуіп қалса, салқынды және ылғал қоры мол болғанда жұмыртқалар көгеріп, саңырауқұлақ қоздыратын инфекциялардан өледі. Шегіртке дернәсілдеріне уақтылы өңдеу жұмыстары жүргізілмесе, алдағы жылдарда мыңдаған гектар жерге тұқымын жайып жіберуі мүмкін. Көбейген жағдайда егістіктер мен жайылымдарға, жер бетіндегі биомасса бөліктеріне қатты зиян келтіреді. Күніне ондаған шақырымға дейін ұшып, өсімдіктерді отайды. Үйірсіз саяқ шегірткелерге қарсы күрес жұмыстарын жергілікті атқарушы органдар құзіретіне берілген. Бірнеше жыл қатарынан саяқ шегіртке зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстары сапалы, тұрақты жүргізілсе көбеюі тоқтайды.

Айнұр ӘЛИ

31 мамыр 2025 ж. 80 0

Шегіртке шепті бұза ма?

31 мамыр 2025 ж. 81

Сазгер кеші

31 мамыр 2025 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30