ШЕГІРТКЕ ЗИЯНКЕСТЕРІНЕ ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет тиісті мамандармен бірге Шәкен, Шилі елді мекендері мен Басықара ауылындағы шаруа қожалықтарының жеріне барып, зиянкестер анықталған аймақтарды аралады. Сондай-ақ зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын көріп, тиісті сала мамандарына елді мекендер аумағы зиянкестерден толық тазарғанша фитосанитариялық іс-шаралардың жүйелі жүргізілуін тапсырды.
Қазіргі таңда ауданда зиянкестердің италиялық прус түріне 414 гектар жер анықталып, оның 322 гектар алқабына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, саяқ шегіртке түріне 252 гектар жер анықталып, оның 120 гектар алқабына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
Шегірткеге қарсы күрес шараларына арнайы техникалар жұмылдырылып, мониторинг жұмыстарына мамандар тартылған. Сонымен қатар, жоспарланған аумақтың барлығы бойынша мердігер «Защита растений-К» ЖШС-мен келісімшарттар жасалып, химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуде.
Аудан көлемінде шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шаралардың өз деңгейінде жүргізілуі жұмыстары аудан әкімдігінің күнделікті бақылауында.