Мәслихаттар сайлауы
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл шегірткеге қарсы күреске 3,8 млрд теңге бөлінді

Биыл шегірткеге қарсы күреске 3,8 млрд теңге бөлінді

Биыл үйірлі шегіртке зиянкестерімен күресуге республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды baq.kz.
Мамандардың болжамы бойынша шегіртке 1,6 млн га аумаққа таралуы мүмкін. Бүгінгі таңда 385,3 мың га алаңда пестицидтердің қажетті қоры қалыптастырылды.
Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді.
Аумақтарды өңдеуге мамандандырылған техника, оның ішінде жер үсті және әуе көлігі жұмылдырылатын болады.
Бүгінгі таңда Түркістан облысында мароккалық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізілді. 8-9 сәуірде өңдеу іс-шараларын бастау жоспарланып отыр, - делінген хабарламада.
Басқа аймақтарда жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошақтары анықталған кезде басталады. Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы Қазақстанның АШМ-ның мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстан мемлекеттеріндегі әріптестерімен алдын ала келісті.
05 сәуір 2023 ж. 555 0

Төл теңгені таңбалаған

14 қараша 2026 ж. 116

Ұлы тұлғаның ұлық тойы

14 қараша 2026 ж. 107

Қос ауылдағы қуаныш

14 қараша 2026 ж. 111

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30