Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚАНДАЙ КРЕДИТ КЕШІРІЛЕДІ?

ҚАНДАЙ КРЕДИТ КЕШІРІЛЕДІ?

Осыдан бірнеше жыл бұрын елдегі кейбір адамдардың несиесі кешірілген болатын. Көптің күңкілі екіге қақ жарылды емес пе? Бірі үкімет бөліп-жармай барлық берешекті өтесін десе, енді бірі несиеге қымбат смартфон алып, тамақ пен қыдыруға жұмсалған кредитті өзі ғана өтесін деген пікір айтты. Расымен, қарапайым дүкеннен бірер затты бөліп төлеуге алатындар бар. «Займға» батып кредитті кредитпен жабатындар да кезігеді. Әрине, әркімде жай әрқалай.
Қаржы ұйымдарынан несие алу тәртібіне өзгерістер енгізілуде. Енді алғаш несие алушы адам онлайн несие рәсімдей алмайды. Міндетті түрде банк бөлімшесіне бару қажет. Сонымен қатар «Суыту мерзімі» енгізіледі. Ол дегеніміз, онлайн кредит рәсімдегенде ақша сізге 24 сағаттан соң ғана түседі. Бұл өз кезегінде эмоциональды шешім қабылдап, асығыс несие алудан қорғайды. 24 сағат ішінде несиеден бас тартуға болады. Ең қуантарлығы – алаяқтар сіздің атыңыздан рәсімдеген несие кешіріледі. Ол үшін несие берген қаржы ұйымына арыз жазылуы керек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов қазақстандықтарға алаяқтар арқылы рәсімделген несиелерді есептен шығаруға жол ашатын заңнамаға енгізілетін өзгерістерді түсіндірді.
Мәжіліс депутаттары жақында екінші оқылымда қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, қазіргі қолданыстағы заңнамада алаяқтар рәсімдеген несиелерді тек сот шешімі арқылы ғана есептен шығару көзделген. Мұндай талап көбіне зардап шеккен азаматтардың өз құқықтарын толыққанды қорғауына елеулі кедергі келтіріп отыр. Осыған орай заң жобасы аясында сотқа дейінгі тәртіппен қарыздарды есептен шығаруға мүмкіндік беретін жаңа негіздер енгізу ұсынылған. Атап айтқанда, Қизатов алғашқы несие рәсімделген кезде банкке немесе микроқаржы ұйымына (МҚҰ) клиенттің жеке өзі келуі міндеттелетінін атап өтті.
– Белгілі бір әлеуметтік топтарға қосымша талаптар қойылады. Яғни несие беру үшін қосымша келісім алу міндетті болады. Егер осы талаптар сақталмаса, банк немесе микроқаржы ұйымы мұндай несиені сотқа жүгінбей-ақ есептен шығаруы тиіс. Сонымен қатар, заң жобасында қаржы ұйымдары тарапынан биометриялық сәйкестендіру рәсімін бұзу, алаяқтыққа қарсы орталықтың талаптарын елемеу, не болмаса клиенттің жеке деректерін заңсыз қолдану жағдайларында сот арқылы есептен шығаруға негіз болатын жаңа тетіктер қарастырылған, – дейді Олжас Қизатов.
Оныңың айтуынша, егер мұндай заңбұзушылықтар сотта дәлелденсе, банктер мен микроқаржылық ұйымдар тиісті несиелерді міндетті түрде есептен шығаруы тиіс болады.
«Заң жобасы аясында қазіргі заңнамада мүлде қарастырылмаған – банктер мен МҚҰ-ға қатысты сотқа дейінгі тәртіппен қарызды есептен шығару бойынша жаңа міндеттемелер енгізіледі. Сонымен қатар, сот арқылы есептен шығару негіздері де кеңейтіледі» дейді ол.
Биылғы жылдың статистикалық дерегіне сүйенсек, қазақстандықтардың банк алдындағы қарызы тағы артты. Ұлттық банктің дерегінше, ел экономикасына берілген кредит көлемі 40 триллион теңгеден асқан. 18,8 триллион теңгені бизнес иелері, 23,7 триллион теңгені қарапайым азаматтар алған. Ал ондағы қарыз мөлшері ай сайын өсіп отыр. Сондай-ақ, несиенің басым бөлігі, яғни 36,8 триллион теңге ұлттық валютамен берілген. Ал доллар-еуромен алынған кредит керісінше азайды. Қазір ондағы берешек көлемі 4,1 триллион теңге. Ал экономикаға берілген жалпы қарыздың 85,8 пайызы банк секторына тиесілі.
Иә, көпшіліктің қазіргі күйбеңі күнделікті өтіп жатқан күрес іспетті. Бір айлыққа қызмет етіп, күні-түні жұмыстан бас алмайды. Ал жалақысы қолына тигенде шегі жоқ несиесін төлейді. Қазір бәрін жеңіл еткен. Қолдағы смартфонмен бір тетікті шерту арқылы қалаған банктен не микроқаржы ұйымынан қалаған сомаңды ала аласың. Тіпті шексіз сұрағаныңды бере беретін банктер де аз емес. Ал төлеуге келгенде қысылып, ол коллекторға өтіп, одан сотқа кетіп шотыңды аресттен шеше алмай жүргенің тағы. Әлгі мардымсыз айлығыңнан ұстап, алған қаржыңды екі-үш есе төлеп жүргенің бар. Күйбең тіршіліктегі қазіргі күрес осы емес па?

Айнұр ӘЛИ
22 сәуір 2025 ж. 42 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930