Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоғаммен тиімді диалог – мемлекеттік басқарудың басты тетігі

Қоғаммен тиімді диалог – мемлекеттік басқарудың басты тетігі

Президентіміз Қ. Тоқаев 2022 жылы "Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы" жарлыққа қол қойған болатын. Құжаттың мәтінінде "Қазақстан Республикасының президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10, 17 және 21-баптарына сәйкес және қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру, халықтың елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы хабардар болуын арттыру, атқарушы органдардың халық алдындағы жауаптылығы мен есептілігін күшейту, мемлекеттік басқару процесіне халықты кеңінен тарту мәселелері қаулы етілген. Осыған байланысты, Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының қорғаныс, сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл бойы халықпен тұрақты кездесулер өткізілуі міндеттеліп, халықпен кездесу өткізу шеңберінде азаматтарға жеке қабылдау жүргізуді, коммерциялық емес ұйымдармен кездесулердіқамтамасыз етуі жүктелген болатын.
Осы ауқымды міндеттер аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы күнге дейін департамент басшысының қатысуымен азаматтарды жеке қабылдаулар мен халықпен кездесулер шараларын белсенді түрде ұйымдастырып келеді.
Мысалы, 2024 жылы жалпы саны 82 жеке қабылдау шарасы ұйымдастырылып, 110 тұрғынның мәселелері қаралған болатын. Бұл қабылдаулар Қызылорда облысы әкімдігінің, «Amanat» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында және Сырдария, Шиелі, Қармақшы аудандарында өткізілді. Тұрғындар мемлекеттік қызметті өткеру және оның жаңа жүйесі, мемлекеттік қызметке кіру заңдылығы мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері және әлеуметтік сипаттағы бірқатар сұрақтармен жүгінді. Жеке қабылдау және кездесуге келген азаматтардың барлық сұрақтарына түсіндірмелер беріліп, көтерген мәселелері құзырлы органдардың назарына жеткізілетіндігі айтылды.
Ал 2025-жылдың басынан 5 жеке қабылдау мен тұрғындармен кездесу шаралары өткізіліп, барлығы 24 азамат қабылданды. Оның ішінде, Сырдария ауданы, Аманкелді,Айдарлы ауылдық округтерінде және арнайы қоғамдық қабылдау алаңдарында департамент басшысымен тұрғындарға мемлекеттік қызмет саласындағы бірқатар маңызды жаңалықтар таныстырылып, мемлекеттік грант негізінде ЖОО үздік бітірген түлектерді конкурстық іріктеусіз бір жыл ішінде тікелей тағайындау мүмкіндігі, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған мамандар үшін ұсынылатын жаңа мүмкіндіктер, сондай-ақ Президенттік жастар кадр резервіне жаңа іріктеу жүргізу мәселелері туралы ақпараттар берілді. Жеке қабылдау барысында, азаматтар мемлекеттік қызметтің жаңартылған жүйесі, кадрлық саясат, бос жұмыс орындарына құжат тапсыру, жұмыс өтілінің талаптары және әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, департамент басшысынан тарапынан толыққанды жауаптар алынып, мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне орналасу заңдылықтары түсіндірілді.
Президент Жарлығы негізінде халықпен ашық және жүйелі диалог орнату – қазіргі кезеңде мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болып табылады. Бұл бастама «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруда маңызды рөл атқаруда. Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті осы бағытта белсенді жұмыс жүргізіп, халық сенімін нығайтуға және мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға елеулі үлес қосуда. Қоғаммен тікелей әрі ашық байланыс орнату – азаматтардың талап-тілектеріне уақтылы жауап беруге, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. Алдағы уақытта да департамент тарапынан халықпен тікелей байланыс пен мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға бағытталған жеке қабылдаулар мен кездесулер өз жалғасын табатыны анық.
Е.Ж.Мендалиев,
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
10 сәуір 2025 ж. 111 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 105

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930