Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы қазалылықтармен кездесті

Аймақ басшысы қазалылықтармен кездесті

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Қазалы ауданының тұрғындарын жеке қабылдады.
Оған облыстық сот төрағасы, барлық құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.Қабылдаудың басты қағидасы – ашықтық, сол себепті жазылушылар, келушілер өздерін толғандырған мәселелер бойынша нақты жауаптарын алды, маман кеңестерін тыңдады. Жалпы саны 50-ден астам азамат өтініштері мен ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Қазалы ауданында да тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу, жеке бизнес бастау және кәсібін кеңейту, аяқ су, қоғамдық көлік мәселелері көтерілді.Аймақ басшысы келушілерді тыңдап, олардың сауалдарын мамандар жан-жақты зерттейтінін айтты. Кез келген мәселе заңдылығына қарай шешімін табады. Ол үшін облыс әкімі жауапты басқарма басшыларына міндеттер жүктеді.«Ақсуат елді мекені ардагерлер кеңесінің төрағасымын. Осы кездесуге халықтың аманатын арқалап келіп, облыс әкімінен ауылымызға табиғи газ жүргізуді сұрадым. Бұл мәселе өзінің бақылауында болатынын жеткізді», – дейді аудан тұрғыны Қуаныш Ырзаханұлы.Айта кетейік, бұған дейін аймақ басшысының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасарлары мен құқық қорғау органдары басшыларының орынбасарлары әр ауданда бір күн бойы жеке қабылдаулар өткізді. Тұрғындардың мәселелері қаралып, реттілігіне қарай шешімін тапты.©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат




02 қараша 2023 ж. 283 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 152

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031