Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент әкімдердің халықпен есептік кездесулеріне өзгеріс енгізді

Президент әкімдердің халықпен есептік кездесулеріне өзгеріс енгізді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«ҚазАқпарат» ХАА Жарлықтың толық мәтінін жариялайды.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi органның келісумен, республикалық телеарнада тікелей қосылым және өңірлермен бейнеконференцбайланысын ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер туралы хабардар етсін.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Орталық және жергілікті атқарушы органдар:
1) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын орталық және өңірлік бұқаралық ақпарат баспа құралдарында, ресми интернет-ресурстарда және «электрондық үкіметтің» веб-порталында, оның ішінде ашық деректердің интернет-порталында есеп беру кездесулерін өткізу кестелерін және алдағы есеп беруге халықтың сұрақтары мен ұсыныстарын жолдау тәсілдері туралы ақпаратты жарияласын;
2) есеп беру кездесулері өтетін күннен бір ай бұрын ашық деректердің интернет-порталына және орталық, жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының блог платформасына, сондай-ақ өтініштердің басқа да нысандарында келіп түскен ұсыныстар мен сұрақтарды жинауды, талдауды және іріктеуді қамтамасыз етсін.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Орталық атқарушы органдардың басшылары есепті кездесу аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей өткізілген есепті кездесулердің қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары үшін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөз сөйлесін.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті                               Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2018 жылғы 10 қаңтар
№ 622

12 қаңтар 2018 ж. 1 426 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 50

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 62

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031