Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сән-салтанат салығы енгізіле ме?

Қазақстанда сән-салтанат салығы енгізіле ме?

Фото: depositphotos.com

Қазақстанда сән-салтанат салығына балама ойлап табылды. Мән-жайын вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Өткен аптада ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда кейбір тауар түрлеріне, айталық қымбат алкоголь, жылжымайтын мүлік, көлікке салықты көтеру жоспарлап отырғанын айтты.

"Кейбір нысандарға жеке, көтерме салық салынады. Мысалы қымбат алкогольге. Бізде бір бөтелкесі 5 миллион теңгеден асатын коньяк әкелініп жатады. Ал салынатын салық - бір бөтелкеге шамамен 470 теңге. Енді оған тауар құнының 10 пайызын қостық, яғни қосымша акциз болады. Егер көліктің құны 100 мың доллардан асса, елге әкелу кезінде кедендік құнның 10 пайызы мөлшерінде қосымша салық салынады", - деді Әмрин Сенат дәлізінде.
Бүгін журналистер Серік Жұманғариннен неліктен Қазақстанда бұған дейін жоспарланған сән-салтанат салығы енгізілмейтінін сұрады.
"Ол үшін сән-салтанат деген не екенін дұрыстап анықтау керек. Барлық жылжымайтын мүлкіңнің жалпы сомасы 450 миллионнан асса, қателеспесем, базалық мөлшерлеме жылына 3 миллион болады, сонымен қатар, құнынан асырғаны үшін тағы 2 пайыз бар. Көлігіңіз 75 миллионнан қымбат болса, қымбат алкогольге, қымбат темекіге жоғары мөлшерлеме төлейсіз. Сіздің ойыңызша, тағы не сән-салтанатқа жатады? Тіпті білмеймін", - деді Серік Жұманғарин Ақорда дәлізінде.
Жұманғарин сән-салтанат салығын енгізу үшін шатастырмау мақсатында сән-салтанат деген не екенін нақтылау керек екенін жеткізді.
"Нақты түсінік болмаса, жазықсыз адамдар зардап шегуі мүмкін. Яғни мұндайға жатпайтын адамдарға салық салынуы мүмкін", - деді вице-премьер.
Айта кетейік, Қазақстанда сән-салтанат салығын енгізу идеясы бірнеше жылдан бері талқыланып келе жатыр. 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде сән-салтанат салығын енгізуді қарастыру маңызды екенін мәлімдеді.
31 наурыз 2025 ж. 569 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930