Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Меншігінде бірнеше пәтері бар азаматтардың мүлік салығы артады

Меншігінде бірнеше пәтері бар азаматтардың мүлік салығы артады

Бірнеше пәтері бар азаматтарға салық иелігіндегі жылжымайтын мүліктің жиынтық құнынан есептелуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Азамат Әмрин Сенатта өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Салық саясатының өзекті мәселелері және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру» тақырыбында өткен жиында ҰЭМ өкілі сән-салтанат салығын жаңаша есептеу жолдары қалай іске асатынын түсіндірді.
«Қазір біз сән-салтанат салығын арттыру бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Президент берген тапсырманың бірі осы болатын. Яғни, бұл жерде жеке бір салықтың түрі туралы айтып отырған жоқпыз. Тауарлардың жеке санатына қосымша салық есептеледі деген сөз. Акциздер арқылы, мүлікке салық арқылы алынады. Біз бұл жерде не ұсынып отырмыз?
Қазір бізде жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтың онсыз да прогрессивті шкаласы бар. Яғни, мүліктің құны неғұрлым жоғары болса, салық мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады – 0,01 пайыздан 1,5 пайызға дейін», - деген министрдің орынбасары меншігшігінде бірнеше жылжымайтын мүлкі бар адамға жаңа шкала қалай әсер ететінін түсіндірді.
«Мысалы, 10 бірдей пәтері бар меншік иелері бар. Олардың иелігіндегі әр пәтерді жеке алып есептесе, салық мөлшерлемесі әр пәтер үшін жеке есептеледі. 1 бөлмелі пәтерінің құны 20 млн теңге болса, салық мөлшерлемесі басқаша болады. Ал егер 10 пәтердің құнын қосып есептесек, 200 млн теңге болады. Сәйкесінше 200 млн теңгеге салынатын салық мөлшерлемесі де жоғары болуы керек. Сондықтан осындай санаттар үшін мүлік салығы жиынтық құнына байланысты есептелуі керек. Тиісінше салық мөлшерлемесі де жоғары болады», - деді вице-министр.
12 маусым 2023 ж. 134 0

Жаңа министр ант берді

10 мамыр 2024 ж. 47

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031