Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алаяқтар құлаққап арқылы деректеріңізді ұрлауы мүмкін

Алаяқтар құлаққап арқылы деректеріңізді ұрлауы мүмкін

Фото: iStock
Заманауи сымсыз құлаққаптар тек ыңғайлы құрал ғана емес, тыңшылық пен деректеріңізді ұрлаудың құралына айналуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ресейлік "Газинформсервис" компаниясының инженер-аналитигі Екатерина Едемская мәлімдеді.

Маманның айтуынша, Bluetooth арқылы аудио беруде әлсіз шифрлау алгоритмдерін қолданатын құрылғылар жеке мәліметтерді жартылай ашық күйде таратуы мүмкін. Бұл деректерді арнайы құралдары бар хакерлер ұстап алып, аудионы тыңдау, микрофонды жасырын қосу, тіпті банктік деректерге қол жеткізу үшін пайдалана алады.

Ескі Bluetooth нұсқаларымен (әсіресе 4.2 және төмен) жұмыс істейтін құрылғылар мен жаңартуларды алмайтын құлаққаптар хакерлік шабуылға оңай ұшырайды. Сонымен қатар, қауіпсіздік деңгейі төмен Bluetooth-профильдер мен гаджеттердің жаңа құрылғыларға рұқсатсыз қосылуы да қауіп тудырады.

Сарапшының кеңестері:

  •     Bluetooth 5.0 немесе одан жоғары нұсқасы бар құлаққаптарды пайдаланыңыз.
  •     Қоғамдық орындарда Bluetooth-ты өшіріп жүріңіз.
  •     Бейтаныс құрылғыларға қосылмаңыз.
  •     Құрылғыларға үнемі жаңарту орнатыңыз.
31 наурыз 2025 ж. 543 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 123

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 119

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930