Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Германияда мектепте телефон қолдануға тыйым салынбақ

Германияда мектепте телефон қолдануға тыйым салынбақ

Германия билігі мектептерде мобильді құрылғыларға тыйым салу мүмкіндігін талқылап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Гессен жері – гаджеттерді пайдалануды шектеу туралы шешім қабылдаған жалғыз федералды мемлекет. Жаңашылдық келесі оқу жылынан бастап күшіне енеді. Тыйым смартфондарға ғана емес, планшеттер мен смарт сағаттарға да қатысты болады. Ерекшеліктер тек төтенше жағдайлар үшін қарастырылған.
Негізгі мақсат – оқушылардың оқу процесіне зейінін арттыру, сонымен қатар цифрлық құрылғылардың мектеп оқушыларының психикасына тигізетін кері әсерін барынша азайту. Билік бұл шара мектептердегі буллинг деңгейін төмендетуге көмектеседі деп үміттенеді. Германияның басқа аймақтарында ұқсас шектеулерді енгізуге қатысты талқыланып жатыр.

“Мұғалімдердің алдында күрделі міндет тұр – оқу процесін оқушылар жасанды интеллекттің көмегінсіз өз бетінше орындайтындай ету. Телефондарға тыйым салу осы бастаманы қолдаушылардың да, қарсылардың да пікірін ескеру мақсатында тестілік режимде енгізіліп жатыр. Бір жағынан, телефондардан бас тарту оқушылардың сабаққа зейін қоюынн жақсартады. Бірақ екінші жағынан, гаджеттер күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан мұндай өзгерістерді біртіндеп енгізу керек”, – деді психолог Славия Кравец.
Еске салсақ, Аустралия бірінші болып балаларға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салатын заңды қабылдаған еді.

31 наурыз 2025 ж. 387 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 175

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 158

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930