Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аустралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынбақ

Аустралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынбақ

Аустралия үкіметі жақын арада 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға толық тыйым салынатын заң жобасын ұсынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pexels.com
Аустралияның премьер-министрі Энтони Албанезе депутаттардың қарауына ұсынылатын заң жобасы балаларды әлеуметтік желінің зиянынан қорғауға арналғанын айтты.

"Біз мұны барлық ата-ана үшін жасаймыз. Олар да мен сияқты балаларымыздың интернеттегі қауіпсіздігіне қатты алаңдайды. "Аустралиялық отбасыларға үкімет қамқорлық көрсетеді", – һ деді премьер-министр.

Заң жобасы бойынша ел билігі әлеуметтік желілерде аккаунт ашып қойған балаларға бұл тыйым қолданылмайтынын айтты.
Әлеуметтік желілердің өзі де бұл норманың орындалуын бақылауы керек, олар балалардың аккаунт ашып алуын шектеуі керек.

Заң қабылданғаннан кейін бір жылдан кейін күшіне енеді, оның зияны байқалған кезде қайта қаралуы мүмкін.
Көптеген сарапшылар әлеуметтік желі кішкентай балалардың психикалық денсаулығына қауіп төндіретініне келіседі, бірақ тыйым салу тиімді әдіс деп санамайды.

Аустралиядағы бала құқықтары жөніндегі жұмыс тобы 16 жасқа толмаған жасөспірімдер үшін әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салуды "тым қатаң заң" деп санайды. Топ үкіметке 100-ден астам ғалым мен 20 үкіметтік емес ұйымның қолы қойылған ашық хат жолдап, тыйым салмауға, оның орнына әлеуметтік желілерге қауіпсіздік стандарттарын енгізуге шақырды.

Кейбір басқа топтар Аустралия үкіметін 16 жасқа толмаған жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге кіруіне тыйым салатын заңды қабылдауға шақырды. Олар бұл балаларды зиянды контенттен, жалған ақпараттан және буллингтен қорғау үшін қажет деп санайды.

"36Months" деп аталатын бастамашыл топ мұндай тыйым салуды сұрап онлайн петиция жариялады. Петицияға 125 мыңнан астам адам қол қойған.

Құжатта балалардың "әлеуметтік желіні пайдалануға дайын еместігі" және "әлеуметтік желіні көп қолдану психикалық дамуды тедеп, психикалық аурудың эпидемиясына әкелетіні" айтылған.
Қазір 13 жастан бастап TikTok және Instagram сияқты ірі әлеуметтік желілерге тіркелуге болады.
08 қараша 2024 ж. 53 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930