Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін - Ораза айты: қандай амалдар жасау керек?

Бүгін - Ораза айты: қандай амалдар жасау керек?

Бүгін, 30 наурызда күллі мұсылман қауым Ораза айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отыз күн ораза тұтқан адамдар бұл күні айт намазы оқылғаннан кейін бір-бірінің үйіне айтшылап, ақ дастарханнан дәм татып, мерекелейді.
Шариғатта қасиетті Рамазан айы аяқталғаннан кейін туатын шәууал айының бірінші күні – ораза айт мерекесі. Негізі ораза айтты мұсылмандар бір күн ғана атап өткен, алайда ел ішінде оны үш күн қатарынан тойлау дәстүрі ежелден қалыптасқан. Ораза айтта не істеу керек? Қандай амалдар атқарған абзал?
Ең алдымен сауабы мол істің бірі – пітір садақасын беру. Негізі, ол Раман айының бірінші күнінен бастап айт намазына дейінгі аралықта берілуі қажет. Егер кімде-кім пітірді бермеген болса айт намазы оқылғанға дейін үлгергені абзал, одан кейін берілсе ол тек жай садақа болып есептеледі. Намаз біткен соң мұсылмандар бір-бірімен төс қағысып, айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады.
Сонымен қатар ислам ғұламалары бұл күні Аллаға сансыз мадақ айтып, айт намазын оқудың артықшылықтары туралы айтады. Жаратқанға тәкбір айту дінде заңдастырылған амалдардың қатарынан саналса, айт намазын оқу –уәжіп.
Абзал амалдардың тағы бірі – намазға шығар алдында құрма жеп шығу. Бұл –сүннет амал және отыз күн оразаның аяқталып, айт мерекесінің басталғанын білдіреді.
Айт күні мейрам болғандықтан мұсылман баласы үйден шығар кезде үстіне жаңа немесе таза киімін киіп, әтірленіп, ғұсыл құйынғаны жөн деседі.
Бір-бірімен арқа-жарқа болып қауышып, сыйлық үлестіріп, қайырымды іс атқару, мұқтаж жандарға көмектесу де айт мерекесінің сауабы мол бұзылмай келе жатқан дәстүрі. Үй-үйді аралап айтшылап, ақ дастарханнан дәм тату да жүлгесі үзілмеген жүйелі амалдардың бірі. Бұл күні ауыз бекітуге болмайды. Қаза болған күндердің оразасы айттан кейін өтеледі.
Міне, ораза айт мейрамында мұсылман қауымы осындай амал-құлшылықтар істеп, бір жағынан Жаратқанға ғибадат жасаса, екінші жағынан өзара сыйластық пен жақсы қарым-қатынасты нығайтуға әрекет етеді. Ораза айттың ерекшелігі де осында жатыр.
30 наурыз 2025 ж. 403 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 177

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930