Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қадірлі отандастар! Ораза айт мейрамы құтты болсын! Татулық пен бауырмалдық, жақсылық пен игілік салтанат құратын осы қастерлі мерекенің барша мұсылман қауымы үшін мән-маңызы айрықша. Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді. Бір-біріне ізгі тілегін арнайды. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытады. Сол арқылы адамгершілік құндылықтар қоғамымызда терең орныға түседі. Ораза айт мерекесінің тағылымы ата салтымызбен терең сабақтасып жатыр. Біздің дініміз де, дәстүріміз де азаматтарды бірлік пен ынтымаққа үндейді, өзара сыйлас болуға шақырады. Осы қасиеттеріміз барда халқымыздың Әділетті, Қауіпсіз, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құру туралы арман-мұраты орындалатынына кәміл сенімдімін. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! Әр шаңыраққа құт-береке дарысын! Айт қабыл болсын, ағайын!" - деді Президент.
30 наурыз 2025 ж. 322 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 177

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930