Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Аудан әкімі Ораза айт мерекесімен құттықтады

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды мұсылман әлемінің ең бір қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Қасиетті Рамазан айы аяқталғанын білдіретін бұл мереке – исламның ғасырлар бойғы игі дәстүрінің, оның маңызды рухани құндылығы болған кең пейілдің, жақсылық пен мейірімділіктің көрінісі.
Үш күн бойы тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдарды бауырмалдық пен кішіпейілділікке, кешірімділікке шақыратын ұлық мереке. Рамазан айымен қимай қоштасып, келесі Рамазанға есендікте жетулерін тілейтін күн.
Қадірлі ағайын!
Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, іргесі берік болсын!
Қасиетті Ораза айт ырыс-ынтымағымызды арттырып, шаңырағымызға бақ-береке, мол ырыс-дәулет әкелсін!
Ораза Айт құтты болсын!
10 сәуір 2024 ж. 516 0

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 29

Доллар тағы арзандады

23 қаңтар 2026 ж. 188

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031