Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмекті рецептісіз сату мәселесі реттелмей тұр

Дәрі-дәрмекті рецептісіз сату мәселесі реттелмей тұр

Соңғы 2 жылда дәрі-дәрі дәрмекті рецептісіз сату бойынша 204 дерек тіркелген. Ал жыл басынан бері дәл осындай 6 заңбұзушылық анықталыпты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті хабарлады.
Фото: freepik.com
— 2023 жылы рецептісіз дәрі-дәрмек сату бойынша 100 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 104-ке жеткен. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі хаттама жасалды, — дейді Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті.
Сондай-ақ комитет қызметкерлері дәрі-дәрмекті рецептісіз босатқандар қандай жаза арқалайтынын да айтып берді.
— Дәрiлiк заттарды, медициналық бұйымдарды тіркеу және қайта тіркеу, өндiру, дайындау және олардың сапасын бақылау, сынау, әкелу, сатып алу, тасымалдау, сақтау, таңбалау, дәрілік заттарға белгіленген шекті бағаларды асырып жіберуді қоса алғанда, өткізу қағидаларын, сондай-ақ қолдану, қамтамасыз ету, жою, жарнамалау қағидаларын бұзу, егер бұл адамның денсаулығына зиян келтiруге алып келмесе, — жеке тұлғаларға — 70, лауазымды адамдарға — 100, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 130, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 200, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, — дейді министрлік.
Ведомство мамандары аталған заңбұзушылықтың куәсі болған тұрғындар eOtinish біріңғай платформасы арқылы хабарлай алатынын айтады. Егер шағымда нақты дәлелдер болса, жауаптылар бірден тексеріс жұмыстарына кіріседі.
Еске сала кетейік, өткен жолы жемқорлықтың алдын алу үшін тегін дәрі-дәрмектерді беру жүйесіне өзгеріс енгізілетінін жазған едік.

28 наурыз 2025 ж. 427 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31