Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрі-дәрмектің шекті бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады

Дәрі-дәрмектің шекті бағасын мобильді қосымша арқылы бақылауға болады

© Photo : СС0 / Ramon López Calvo
Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобилдік қосымшасын пайдалануды ұсынады.
Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Dari.kz қалай жұмыс істейді?
Dari.kz қосымшасының көмегімен пайдаланушылар бағаның қымбаттағаны туралы оңай және жылдам хабарлай алады. Бұл үшін:
1.Дәрі-дәрмектің түбіртегі мен қаптамасының суретін жүктеу қажет.
2.⁠Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне автоматты түрде жіберілетін өтініш жіберу керек.
Қосымша сонымен қатар дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін пайда болған жанама әсерлер туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Бұл дәрі-дәрмектердің сапасын бақылауды жақсартуға көмектеседі.
Денсаулық сақтау министрлігі белгіленген шекті бөлшек сауда бағасынан асып кеткені үшін айыппұлдар көзделгенін еске салады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабының 1-бөлігіне сәйкес мынадай айыппұлдар көзделген:
Жеке тұлғалар: 70 АЕК.
Лауазымды тұлғалар: 100 АЕК.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері: 130 АЕК.
Орта кәсіпкерлік субъектілері: 200 АЕК.
Ірі кәсіпкерлік субъектілері: 1000 АЕК.
Dari.kz қосымшасын тегін жүктеп алуға болады.
31 шілде 2024 ж. 222 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031